Бөлім туралы Бөлім университет деңгейінде университетке дейінгі жұмысты қадағалау және ақпараттық қамтамасыз ету, университеттің кәсіптік бағдар беру стратегиясын жүзеге асыру, мақсатты мектептермен, оқушылармен, мамандандырылған қауымдастықтармен және ұйымдармен, пікір көшбасшыларымен байланысқа жауапты.
- нарықтық зерттеулер жүргізу; - білім беру бағдарламаларын жылжыту стратегияларын әзірлеу; - Интернет-маркетинг (зерттеу, бакалавриат, магистратура және докторантура үшін әлеуметтік желілерді жүргізу, алға жылжыту, аналитика); - талапкерлер арасында Абай университетін жетекші педагогикалық оқу орны ретіндегі оң имиджін нығайту; - Абай университетінің бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларына студенттерді қабылдау сапасын арттыру; - заманауи коммуникациялық арналарды пайдалана отырып, Абай университетінің білім беру бағдарламаларын насихаттаудың тиімді жүйесін әзірлеу; - білім беру қызметін жүзеге асыратын Абай университеті бөлімшелерімен өзара әрекеттесуді дамыту.
|