қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.04.2023

Алматы қаласындағы №173 лицей оқушыларына арналған дәріс


2023 жылғы 5 сәуірде Алматы қаласының №173 лицейінің қазақ әдебиеті кафедрасы мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Абай атындағы ҚазҰПУ «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жабал Шойынбет жоғары сынып оқушыларына дәріс оқыды. Абайтанушы ғалым өз дәрісінде Мұхтар Әуезовтің, Қайым Мұхамедхановтың, Мекемтас Мырзахметұлының абайтану ғылымының дамуына сіңірген еңбектеріне шолу жасап, Хәкім Абайдың «Толық адам» ілімін, ол ілімдегі «Қайрат, Ақыл, Жүрек» сөздерінің мән-мағынасына жан- жақты талдау жасап, нақты мысалдармен түсіндірді. Тартымды өткен дәріске оқушылардың қызығушылығы артып, абайтанушыға сұрақтар қойып, жауабын тыңдады.

 

  alt=  

 

  alt=