Негізгі бет
Жаңалықтар
07.04.2023 VII Халықаралық жас ақындар айтысы
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына орай «Менің пірім Сүйінбай» дәстүрлі VII халықаралық жас ақындар айтысының іріктеу кезеңі өтті.
Ұлы өнерді ұлықтаған доданы айтыс өнерінің қара нары, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағының Басқарма төрағасы Жүрсін Ерман салтанатты түрде ашып берді. Аталмыш сайыстың іріктеу кезеңіне Моңғолия, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан және Қазақстанның түпкір түпкірінен келген 38 айтыскер ақын өнер биігінде бақ сынасты. Іріктеу кезеңінің әділ-қазылар алқасының құрамында филология ғылымдарының докторы, профессор Балтабай Әбдіғазиұлы, ҚР Мәдениет қайраткері, белгілі айтыскер ақын Серік Қалиев, айтыскер ақын, Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әнуар Омар төрелік етті.
Іріктеу кезеңінен суырылып шыққан 18 айтыскер ақын, ақтық мәреге жолдама алды. Іріктеу кезеңіне қатысқан жас ақындарға Абай университеті ректорының алғыс хаты мен брендтік өнімдері табысталды. Сонымен қатар, қатысушыларға ақшалай сыйақыны іс-шараның демеушісі, «Асылтас» қоғамдық қорының басшысы, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Дулат Тастекеев табыс етті.
«Ұлттық тәрбие» орталығы |