қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.04.2023

«Педагогтің цифрлық құралдары» халықаралық педагогикалық кездесу

 

2023 жылғы 8 сәуірде «Педагогтің цифрлық құралдары» халықаралық педагогикалық кездесу аясында Абай университетінің профессор-оқытушылар құрамының, бастауыш сынып мұғалімдері мен студенттердің кезекті жүздесуі орын алды. Бұл жолы кездесу барысында Волжский қаласының (Ресей) орта мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері өз жұмыстарымен бөлісті. Әрбір оқушының білім алу траекториясын ақпараттан білімге, білімнен практикаға қарай бағыттай білу үшін цифрлық құралдарды қолданудың қажеттілігі туралы сұрақтар көтерілді. Әріптестер РЭШ, Учи.ру, Skysmart, «Взнание» алаңдарын сабақта және сабақтан тыс уақытта қолдану мүмкіндіктерін көрсетті. Өз баяндамаларында әрбір мұғалім бүгінгі күні оқушыларды білім беру үдерісіне зияткерлік және эмоционалдық тұрғыдан да қамтуға, сондай-ақ шығармашылық және логикалық ойлауды дамытуға цифрлық құралдардың оң ықпал ететінін айтып өтті. ММПУ оқыту әдістемесі департаментінің доценті Алла Вендина білім беру алаңдарына енгізілген сұрақтар мен жауаптардың дұрыстығы туралы мәселені қарастырды.

 

Бұл жиын білім беру үдерісін ұйымдастыруда цифрлық құралдарды қолдану мәселесі өзекті екендігін әрі бұл бағыттағы жұмыстарды педагогикалық кездесуде жалғыстыру қажеттілігін көрсетті.

 

Баяндама жасағандары үшін Алина Галямоваға, Елена Вихлянцеваға, Анастасия Тугушеваға, Татьяна Гуринаға, Галина Токареваға, Вера Петрунинаға, Ирина Калашниковаға алғысымызды білдіреміз.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=