Негізгі бет
Жаңалықтар
10.04.2023 «Білімді жастар - ел болашағы» институтаралық пікірсайыс турнирі
2023 жылғы 8 сәуірде Ғылым онкүндігі аясында Тарих және құқық институтының «NurDekanat» студенттік өзін-өзі басқару ұйымы мен институттың белсенді студенттерінің ұйымдастыруымен институтаралық «Білімді жастар-ел болашағы» пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 7 институтының 1 курс студенттері қатысты. Пікірсайыстың ашылу және жабылу салтанатына Тарих және құқық институт директорының тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Мұхтар Мұратқазин және «Атамекен» клубының белсенді студенттері қатысты.
Пікірсайыс турнирінің нәтижесінде 1-ші орынды - «Альфацентавра» фракциясы (Жаратылыстану және география институтының студенттері Арман Жарылқасын, Мейірлі Тахатбек), 2-ші орынды - «Үш басты айдаһар үшін» фракциясы (Математика,физика және информатика институтының студенттері Жайдары Нығметова, Айдана Байғали), 3-ші орынды - «Жан рахаты үшін» фракциясы (Психология және педагогика институтының студенттері Лаура Жолтай, Марина Өзбекова) иеленді. «Үздік спикер» номинациясын Исламбек Балмағамбет (Тарих және құқық институты), «Үздік төреші» номинациясын Елжан Абдыкарим (Тарих және құқық институты) алды. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!
|