қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.04.2023

Педагогика және психология институтының докторанттары ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу тәжірибелерімен бөлісті

 

2023 жылғы 7 cәуірде Педагогика және психология институты ұйымдастырған докторанттардың ғылыми семинары сәтті өтті. Семинарға институттың профессор-оқытушылар құрамы және 2-3 курс докторанттары қатысты. Ғылыми семинардың модераторы «Арнайы педагогика» мамандығының 2-ші курс докторанты А.А.Утепбаева болды.

 

Бұл семинарда «8D01901 - Арнайы педагогика» мамандығының 3-ші курс докторанттары Н.Разуханұлы, М.Абдықалықова, «8D01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 2-ші курс докторанты М. Изат және «8D01301-Пәндік мамандандырылмаған педагогтерді даярлау» мамандығының 2-ші курс докторанттары Э.Жүсіп және А.Мамбеталиева зерттеу жұмысының іс-тәжірибелік, теориялық жұмыстың ұтымды жақтарымен таныстырды. Ғылыми семинарда инклюзивті білім беру жағдайындағы цифрлық технологиялар, болашақ бастауыш педагогтердің оқу үрдісінде жасанды инттелект технологияларын қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ мектеп жасына дейінгі балалардың дамытушы ойындар арқылы зияткерлік дағдыларын қалыптастыру мәселелері зерделенді. Докторанттар өзара пікірталасқа түсті. Семинарға қатысушылар институт директорының ғылым жөніндегі орынбасары М. Абсатоваға алғыстарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=