қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.04.2023

«Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың конференциясы

 

2023 жылғы 8 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясын өткізді. Оған 35 жасқа дейінгі қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының студенттері, докторанттары мен жас ғалымдары, сондай-ақ Шолпан Альдибекованың жетекшілігімен Жаратылыстану және география институты «6В05203-География» мамандығының 1 курс студенттері қатысты. Абай университетінің командасы жүлделі орындарға ие болғанын мақтанышпен хабарлаймыз. Біздің студенттердің баяндамалары «Геодезия, картография, ГАЖ және ГАЖ» секциялық отырысында тыңдалды. Олар теориялық, практикалық және қолданбалы ғылыми инновациялар бойынша үздік баяндамалар жасаған 60 қатысушының қатарында болды.

Баяндамашылар арасынан студент Төлес Нариман «Қазақстандағы заманауи ГАЖ және оларды білім беру саласында қолданғаны» баяндамасы үшін II дәрежелі дипломға ие болды. Шығармашылық бағыты мен жаңашыл көзқарасы үшін қалған студенттерге сертификаттар берілді: Үсенбекұлы Рүстем - «ҚР экономика салалары үшін ғарыштық гаж-лерді мониторингтеудің соңғы жетістіктері», Тален Шыңғысхан - «Заманауи үлгідегі ГАЖ-дің артықшылықтары мен кемшіліктері», Татбаев Дидар - «Елімізде геоақпараттық жүйелерді (ГАЖ) денсаулық сақтау мен медицинада қолданудың мүмкіндіктері мен жетістіктері», Тағай Данияр - «Еліміздегі өндіріс және тұтыну қалдықтарының ғарыштық мониторингі».


Сондай-ақ конференцияда «Құрылыста, зерттеу жұмыстарында қолданылатын замануи геодезиялық аспаптар (GNNS қабылдағыштар, лазерлік сканерлер, роботталған тахеометрлер және де сандық нивелирлер)» тақырыбында «Геокурс» компаниясының бас маманы, спикері А.Т. Қойшығариннің шеберлік сабағы тамашаланды.


Бұл конференция Студенттердің болашақ мамандыққа және ғылыми жұмысқа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

 

  alt=