қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
10.04.2023

Студенттер Ғылым онкүндігінде!

 

2023 жылғы 6 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым онкүндігі аясында Педагогика және психология институты педагогика кафедрасының доценті Жанна Акпарова «Ғылыми педагогикалық зерттеу жұмыстарына студенттердің қызығушылықтарын арттыру» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізді.

Мақсат - болашақ ұрпақтың өркениетті, туған елінің дамуына жауапкершілікпен қарауы үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарына ерекше мән беріп, жастарды оқу-тәрбие үрдісіне тарту.

 

Ерекше атап өтетін жайт, доцент Ж.М. Акпарова студенттерге семинарда берілген зерттеу жұмыстарының ғылыми әзірлемелері жайлы теориялық білімдерді, бірден практикалық тапсырмаларға ауыстырып, студенттердің алған білімдерін тапсырмаларды зерттеу жолдарымен орындатып, бірден нәтижесін көрсете алды. Семинарға «Шет тілі:екі шет тілі» білім беру бағдарламасы қазақ бөлімінің 3 курс студенттері қатысып, ғылыми педагогикалық зерттеу жұмыстарына деген жоғарғы деңгейдегі ерекше қызығушылық танытты. Болашақтағы дипломдық жобаларын сапалы орындау үшін осындай сабақтар болса деген ұсыныстарын білдіріп, спикерге алғыстарын айтты.

 

  alt=  

 

  alt=