қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.04.2023

«Ғылыми кадрларды даярлаудың жаңа қағидаларын жүзеге асырудың форсайт механизмі» семинары

 

2023 жылғы 11 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым онкүндігі аясында зерттеу қызметі жөніндегі проректор Ермек Бөрібаев пен Ғылым департаментінің директоры Ұлжарқын Әбдіғапбарованың «Ғылыми кадрларды даярлаудың жаңа қағидаларын жүзеге асырудың форсайт механизмі» тақырыбында семинары өтті. Семинарға Абай университетінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, постдокторанттар және жас зерттеушілер қатысты.

 

Іс-шара барысында қатысушыларға Диссертациялық кеңес туралы Ережеге, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін беру қағидаларына енгізілген өзгерістер мен жаңа талаптарды түсіндіріп, статистикалық мәліметтер мен сауалнамалар негізінде ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудың жай-күйіне объективті баға берілді. Семинардың негізгі мақсаты ғылыми кадрларды даярлауға қойылатын жаңа талаптарды қалай тиімді жүзеге асыру жолдарын талқылау болды. Тыңдаушылар семинардың университет өміріне енгізілетін барлық жаңалықтарды ұжымға жеткізуге жақсы мүмкіндік екенін атап өтті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=