қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
12.04.2023

Мектеп оқушыларымен буллинг және кибербуллинг туралы пікірталас

 

2023 жылғы 11 сәуірде Абай университетінде Алматы қаласы білім басқармасының №173 мектеп-лицейінде «Білім туралы» ҚР Заңы 5-бабының (46-26) тармақшасына сәйкес баланы жәбірлеудің (буллингтің) алдын алуға арналған «Буллинг және кибербуллинг» тақырыбындағы дебат өтті. Ұйымдастырушылар - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Лидер» және «Прогресс» студенттер клубы.

 

Дебаттың мақсаты:

1. Білімділік - буллинг және кибербуллинг туралы білімдерін кеңейту, адами құндылықтарға тәрбиелеу, буллинг және кибербуллинг болған жағдайда сақтану жолдарын түсіндіру, командамен жұмыс жасауға баулу.

2. Дамытушылық - буллинг және кибербуллинг туралы ақпараттарды түсіну, игеру және алған білімін пайдалы жағына қолдану, қисынды, сыни ойлау, зерттеушілік және ұйымдастырушылық, шығармашылық коммуникативтік дағдыларын, кәсіби сөйлеу стилі мен шешендік өнерін, басқа адамның пікіріне толерантты көзқараспен қарау, өзін-өзі сенімділігі мен жауапкершілігін, өзін-өзі басқару әлеуетін дамыту.

 

Іс-шараға Абай университетінің студенттері мен №173 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушылары қатысты. Іс-шараға жауаптылар - қауымдастырылған профессор А.А. Алимбекова, аға оқытушы Р.Е. Каримова және «6В01801 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамадығының 4 курс студенттері: Алтыбай Ақбота, Данебаева Асия, Жезбаева Гүлханым, Зияханова Аяулым, Исагалиева Зарина.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=