Негізгі бет
Жаңалықтар
13.04.2023 Сорбонна-Қазақстан институтының студенттерімен психологиялық тренинг
2023 жылғы 13 сәуірде Abai Student Center орталығында «Психологиялық қызмет» секторының психологтары «Шығармашылық ойлау мен креативтілікті дамытуға арналған» психологиялық тренинг өткізді. Тренингке Сорбонна-Казахстан иститутының студенттері қатысты.
Тренингтің негізгі мақсаты студенттердің өз бойындағы шығармашылық икемділік пен ойлау қабілетінің шапшаңдығын анықтау және оны дамыту, сондай-ақ мәселелерді стандартты емес, креативті ойлау арқылы шешімдерін табу қабілетін дамыту мен шығармашылық процесті басқару дағдыларын қалыптастыру болды.
Тренинг студенттер арасында байланыс орнатуға және олардың бір-бірімен танысуына бағытталған «Псевдоним» жаттығуынан басталды. Тренингте студенттер өздерін еркін сезіну мақсатында «Демалыс» жаттығуы өткізілді. Негізгі бөлімнің алдында студенттермен топтық өзара қарым-қатынас процесін қалыптастыру және шығармашылық ойлауды дамытуға бағытталған «Мені қайтала» жаттығуы өткізілді. Тренингтің негізгі бөлігі топта жағымды атмосфера құруға, шығармашылық ойлау мен креативтілікті дамытуға бағытталған «Креативті портерт» және «Зато ты» жаттығуларынан тұрды. Тренингтің соңғы кезеңі арт-терапия форматындағы релаксация болды. Релаксация барысында студенттер өздерінің шығармашылық дағдылары мен қабілеттерін көрсетті.
Қатысушылар тренинг соңында өздерінің жағымды әсерлерімен ватманға сурет салу арқылы кері байланыс орнатты.
«Психологиялық қызмет» секторы |