қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.04.2023

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар-тренинг

 

2023 жылғы 13 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының оқытушылары жасалған меморандум аясында Алматы қаласы Алатау ауданы №185 ЖББМ-тің бастауыш сынып мұғалімдерімен семинар-тренинг өткізді. Бұл іс-шараға Абай университеті оқытушылармен бірге «Атамұра» корпорациясы IT групасының мамандары Oqulyqtar.kz цифрлі білім беру платформасымен таныстыру жұмысын жасады.

 

Іс-шараның мақсаты - бастауыш сынып мұғалімдерін цифрлық оқулықтардың құрылымымен және мазмұнымен таныстырып, онымен жұмыс жасау әдістемесін үйрету.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ «Арнайы педагогика» кафедрасының аға оқытушысы, PhD, «Әліппе» оқулығының авторларының бірі Б.Сәбденова цифрлық оқулықтың құрылымымен таныстырып, нақты интербелсенді тапсырмалардың көмегімен «Әліппені» оқытуда басшылыққа алынған оқытудың қағидаларына тоқталды.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ «Бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы, PhD, 2-сынып «Математика» цифрлық оқулығының авторларының бірі Ж.К.Астамбаева оқулықтың тұжырымдамалық негізі мен қызметіне жан-жақты тоқтала келе, негізгі үш тұлға - оқушы, мұғалім, ата-анаға цифрлық оқулықпен жұмыс жасаудың мүмкіндіктерін ашып, интербелсенді тапсырмалардың орындалу жолын түсіндірді.

 

«Атамұра» корпорациясы IT групасының жетекшісі Тен Алира цифрлық оқулықтар, оқулықты әзірлеу ұстанымдары, Oqulyqtar.kz цифрлі білім беру платформасы жайлы семинар өткізді.

 

Сонымен бірге, «Атамұра» корпорациясының маманы, Абай атындағы ҚазҰПУ «Бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Б.О.Жанкушков Oqulyqtar.kz цифрлі білім беру платформасының мүмкіндектірі арқылы №185 ЖББМ мұғалімдерімен практикалық сабақ жүргізіп, «Әліппе» цифрлық оқулығымен жұмыс жасау алгоритмін түсіндіріп, олардың өздеріне тапсырмаларды орындап көруге мүмкіндік жасады.

 

Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер семинар-тренингтің жоғары деңгейде өткенін, бұл құралдармен жұмыс жасаудың мүмкіндіктерінің мол екенін, оқушының өз бетімен білім алуына, өзіндік әрекетін ұйымдастыру мен реттеуіне рөлінің жоғары екенін, мұғалімнің де жұмысын жеңілдетіп, сабақта өзінің де, оқушының да цифрлық сауаттылығын дамытуға жол ашатынын атап өтті.

 

Семинар соңында №185 мектеп директорының оқу ісі-жөніндегі орынбасары Қали Ақыл мен бастауыш сыныптар бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Назгүл Құрманбек семинар-тренингтің спикерлерін алғыс хатпен марапаттады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=