Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
18.04.2023 Town Hall форматындағы кездесулер жалғасып жатыр
2023 жылғы 14 сәуірде Абай университетінің басшылығы университет студенттерімен Town Hall форматында кездесті. Кездесуге ректор Дархан Біләлов, әкімшілік және қаржы қызметі жөніндегі проректор Клара Исакова, әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланов, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков, Тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі департамент директоры Дидарбек Ділдәбек қатысты.
Town Hall форматы студенттердің оқытушылар мен университет басшылығы арасындағы қарым-қатынастың салыстырмалы түрде жаңа түрі болып табылады. Мұндай іс-шараларда студенттер өз мәселелерін еркін талқылап, оларды шешу жолдарын ұсынады, оқу үрдісі мен студенттік өмірге байланысты өз институттары, университет пен оның құрылымдық бөлімшелерін дамыту бойынша өз ойларымен бөлісе алады.
Дархан Біләлов осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтіп, студенттерді белсенді болуға және өзекті мәселелерді батыл талқылауға шақырды.
Ректор жаңа білім алуға ұмтылатын, ғылыммен, шығармашылықпен айналысқысы келетін, өзін-өзі жетілдіруге уақыт бөлетін студенттерге әрдайым қолдайтынын атап өтті.
Қалыптасқан кері байланыстың арқасында Абай университетінде қолайлы ортаны құру үшін қажетті оң өзгерістер енгізуге болатыны баса айтылды.
Кездесу барысында студенттер оқу үрдісі, тәжірибе мен тағылымдамадан өтуге, мансаптық мүмкіндіктерге, қоғамдық жұмыстарға, спорт пен шығармашылыққа, жатақханадағы тұрмыстық жағдайға, университет инфрақұрылымын дамытуға қатысты сұрақтарына жауап алды.
Ректор студент жастарға сәттілік тіледі.
18.04.2023 ж. Ақпарат көзі: qazaq1913.com
|