Негізгі бет
Жаңалықтар
19.05.2017 «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ДУАЛЬДІ ОҚЫТУ: ТӘЖІРИБЕ, АМАЛДАР, ПРОБЛЕМАЛАР» АТТЫ МҰҒАЛІМДЕР МЕН ҒАЛЫМДАРДЫҢ 2-ШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ Педагогика және психология институты, Педагогика және психология кафедрасының ұйымдастыруымен, 2017 жылдың 18-19 мамыр күндері «Педагогикалық білім берудегі дуальді оқыту: тәжірибе, амалдар, проблемалар» аттымұғалімдер мен ғалымдардың2-ші Республикалық конференциясы өтті. Конференция Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызының алғы сөзімен басталды. Педагогика және психология институтының директоры Әлмұхамбетов Берікжан Айтқұлұлы конференция қатысушыларын құттықтап, сәттілік тіледі.
Конференцияға Нюрнберг университеті көп салалы және халықаралық зерттеу кафедрасының меңгерушісі РhD докторы, профессор Рахкошкин Анатолий Анатольевич Германияның дуальді оқыту жүйесінің ерекшеліктерімен бөлісті. Пленарлық мәжілісте мектеп, колледж директорлары, «Өрлеу» АҚ педагог мамандардың біліктілігін арттыру орталығының басқарма бастығы және жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары баяндама жасады. Пленарлық мәжілісте айтылған ойлар, пікірлер педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Әбдіғапбарова Ұлжарқын Мүсілімқызының баяндамасымен тұжырымдалып, аяқталды. Еліміздің 10 облысынан (Алматы облысы, Оңтүстік-Қазақстан облысы, Шығыс-Қазақстан облысы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Жамбыл облысы, Батыс-Қазақстан облысы, Қызылорда облысы, Солтүстік-Қазақстан облысы, Павлодар облысы)және шет елден (Германия) келген мектеп, колледж және ЖОО оқытушыларның 200-ге жуық баяндаламалары конференция бағдарламасына енгізілді. I дәрежелі дипломмен IІ дәрежелі дипломмен
Типанова Назигуль Каиырбековна, Ильясова Жанаргуль Сагантаевна Павлодар Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжі марапатталды. Эксперттік комиссия шешіміне сәйкес постерндік баяндама қорытындысы бойынша: I дәрежелі дипломмен
IІ дәрежелі дипломмен Аяганова Алма Кызылорда қаласы, Коркыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, психология ғылымдарының кандидаты марапатталды. ІІI дәрежелі дипломмен
Конференция қатысушыларына:
|