қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
22.04.2023

Үйлестіру орталығы ашылды

 


 

Aбай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен "Тіл ғылымы зерттеулерін үйлестіру" Орталығының ашылу салтанаты болып өтті.

 

дегеніміз - қоғамның, мемлекеттің интеллектуалдық әлеуетінің көрсеткіші екені белгілі. Осымен байланысты ойлау жүйеміз бен төлтума қазынамыздың тілде сақталған елдік сана рухын жаңа заманның деңгейіндегі рухани-ақпараттық жүйеге ендіріп, əлемдік ақыл-ой кеңістігіне жол ашатын құралы - қазақ тіл ғылымының салаларына қатысты зерттеулер болып табылатыны анық.Сондықтан да еліміздің жоғары оқу орындарындағы 10-нан астам Диссертациялық кеңестердің тіл ғылымы зерттеулерін үйлестіру орталығы ретінде - ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындап, тіл ғылымы бойынша орындалатын докторлық диссертациялық жұмыстардың өзекті мәселелерге арналуын және тақырыптардың қайталанбауын қадағалауды үйлестіретін консультативтік-кеңесші рөлін атқаратын болады. Орталық жұмысына ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымларының доктоы Кәрімбек Құрманәлиев басшылық етеді.


Іс-шара аясында «Қазақстандағы қазіргі қазақтілді контент: зерттеу парадигмалары» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция ұйымдастырылып, отандық көрнекті тілші-ғалымдармен қатар, алыс-жақын шетелдерден де зерттеушілер қатысып, баяндамалар жасады. Ғылыми жиынға қатысушылар академиялық және университеттік ғылымды дамытуда орталықтың атқарар ісі ауқымды болатынына екпін түсіре атап өтті.

 

22.04.2023 ж.

Ақпарат көзі: zhasalash.kz