қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
23.04.2023

Тіл ғылымын зерттеу орталығына Кәрімбек Құрманәлиев жетекшілік етеді

 



Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында «Қазақстандағы қазіргі қазақтілді контент: зерттеу парадигмалары» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-теориялық конференция аясында "Тіл ғылымы зерттеулерін үйлестіру" орталығының салтанатты ашылуы болып өтті.

 

Аталған конференцияға ҚР ҰҒА-ның көрнекті ғалымдары мен университеттің профессор-оқытушылары қатысты.

 

Конференцияны кіріспе сөзбен ашқан Абай универсиетінің Басқарма Төрағасы-ректоры, философия докторы Дархан Біләлов Орталықтың ашылу өзектілігіне тоқталып, оның басты мақсаты - алдағы уақытта еліміздің жоғары оқу орындарындағы оннан астам Диссертациялық кеңестердің тіл ғылымы зерттеулерін үйлестіруші ретінде - ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындап, тіл ғылымы бойынша орындалатын докторлық диссертациялық жұмыстардың өзекті мәселелерге арналуын және тақырыптардың қайталанбауын қадағалауды үйлестіретін консультативтік-кеңесші рөлін атқаратын айтты.


Ал, осы ғылыми орталықтың жұмысына ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы Кәрімбек Құрманәлиев басшылық етеді. Еліміздің университеттері мен Ұлттық ғылым академиясының арасындағы тығыз ынтымақтыстық - жас ғалымдардың зерттеулерінің жоғары деңгейде жүргізілуіне ықпал ететін болады.

 

Конференцияда сөз алған ғалымдар мен қонақтар орталық жұмысына сәттілік тілеп, игі бастама туған тіліміздің шынайы жанашыры бола алатын жас ғалымдар легін көптеп даярлап, қанатын қатайтатындығына сенімді екендерін тілге тиек етті.

 

23.04.2023 ж.

Ақпарат көзі: aikyn.kz