«География және экология» кафедрасы | Басты / Факультеттер / Жаратылыстану және география факультеті / Кафедралар / «География және экология» кафедрасы / Клубтар «Аяла» студенттік өзін-өзі басқару ұйымының Жарғысы
Ұраны: «Ғаламшарды қорғау парыз, өйткені мұндай жоқ басқа!»
1. Жалпы ережелер 1.1 «АЯЛА» студенттік өзін-өзі басқару ұйымының (бұдан әрі-экоклуб) 10.10.2022 жылы ұйымдастырылды. 1.3 Ұйым Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтында, география және қоршаған ортаны қорғау кафедрасында жұмыс істейді.Мекенжайы:Алматы қаласы,Қазыбек би 30 1.4 Ұйым қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және университеттің ішкі ережелері мен нормативтік-әдістемелік құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
2. Ұйымды ұйымдастыру және дамыту мақсаты 1.2 Ұйым тұрақты даму идеялары мен қағидаттарын насихаттау, экологиялық дүниетанымды қалыптастыру, жасыл университет контекстінде оқу-зерттеу қызметін жүргізу мақсатында құрылған.
3. Негізгі міндеттер және оларды іске асыру 3.1. Ұйымның негізгі міндеттері: - студенттердің азаматтық және қоғамдық белсенділігін дамыту; - табиғатта өзін-зі ұстау мен сауатты мінез-құлық дағдыларын игеру; - ұйымның кейінгі мүшелеріне аға мүшелерінің тәжірибесін беру; - оқушылардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы әлеуметтік белсенділігін волонтерлік және экологиялық іс-шаралар өткізу арқылы арттыру; - ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысу, мектептермен бірлесіп студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; - дөңгелек үстелдер, пікірталастар, семинарлар, шығармашылық кештер өткізу; - ұйым қызметін әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында, ғылыми журналдарда насихаттау; - табиғатты қорғау және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды өткізу.
3.2. Негізгі міндеттерді іске асыру үшін ұйымның құқықтары: - іс-шараларды (экологиялық акцияларды)ұйымдастыру және өткізу; - ақпараттық парақшалар, плакаттар, бюллетеньдер шығару; - зерттеу жұмыстары мен жобаларын жүргізу; - университет студенттерін өткізілетін іс-шараларға тарту; - фильмдерді түсіру, монтаждау және прокатқа шығару; - бұқаралық ақпарат құралдары үшін материалдар дайындау; - көрмелер, кездесулер, экскурсиялар, жорықтар өткізу; - жалпыға бірдей маңызды экологиялық ақпаратты жинау және тарату.
4. Қызметтің негізгі бағыттары: - табиғат пен қоршаған ортаны сақтау және зерттеу; - Алматы қаласы, Алматы облысы жастарының экологиялық бастамаларын қолдау. - экологиялық бағыттағы іс-шараларды ұйымдастыру - басқа экологиялық ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен (жоғары оқу орындары, мектептер, балабақшалар) өзара әрекеттесу іс-қимыл жасау.
|