Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
24.04.2023 Елде ғылымды дамытудың басым бағытын айқындайтын орталық ашылды
Онда республикадағы ғылыми тақырыптардың үйлесімін жолға қоймақ
Елде ғылымды дамытудың басым бағытын айқындап, қазақ тілінде жазылатын докторлық-диссертациялық жұмыстардың өзектілігін қарастыратын арнайы орталық жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Абай атындағы Абай атындағы ҚазҰПУ жанынан ашылған кеңес республикадағы ғылыми тақырыптардың үйлесімін жолға қоймақ. Қазақстандағы қазіргі қазақтілді контентке мән берген конференция да аталған орталықтың тұсауын кескен алғашқы іс-шараның бірі болды.
«Қазақстанда оннан астам диссертациялық кеңес бар. Сол кеңестің бәрін бір орталыққа жинап, болашақта қорғалатын диссертациялық тақырыптың барлығына сараптама жасалып, болашақта зерттеудің қайталанбауын қарастыратын орталық болады», - деді Абай атындағы ҚазҰПУ проректоры Ермек Бөрібаев.
24.04.2023 ж. Ақпарат көзі: almaty.tv
|