Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
26.04.2023 Алматыда KazDual обсерваториясының таныстырылымы өтті
25 сәуірде Erasmus+ бағдарламасы бойынша «Қазақстанда дуальды жүйені енгізу - KazDual» жобасын жүзеге асыру аясында Абай университеті базасында құрылған KazDual обсерваториясының таныстырылымы өтті.
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов студенттерді кәсіби даярлау сапасы еңбек нарығының сұранысында қашанда өзекті болып қала беретінін және тәжірибеде тексерілетінін атап өтті. Білім мен дағдылар тұрғысынан жас мамандар әрдайым жұмыс берушінің талаптарына сәйкес келе бермейді және оларды қайта даярлап, жаңа жұмыс жағдайларына бейімдеуге тура келеді. Бұл мәселені шешудің тиімді жолдарының бірі - дуальды оқытуды кеңінен енгізу.
Іс-шара барысында «Қазақстанда дуальды жүйені енгізу» KazDual құрылымдық жобасын жоба үйлестірушісі Баян Сапарғалиева, обсерваторияның STEM-жабдықтарын дуальді бағдарлама студенттері мен доцент Әсел Ақпаева таныстырды.
Академиялық үлгерім департаментінің директоры Раушан Бекмұратова «АКТ көмегімен бастауыш білім беру» пилоттық дуальды бағдарламасының өндірістік оқыту барысы туралы айтты. Бұл білім беру бағдарламаны Абай университетінің Педагогика және психология институты мен университет серіктесі - NGS Жаңа ұрпақ мектебі жүзеге асыруда.
Абай университеті Педагогика және психология институтының директоры Ғалия Абаева бұл жоба Қазақстанның жоғары және кәсіптік білім беру жүйесіне өңірлік, республикалық деңгейде әсер ету үшін жасалғанын атап өтті. Дуальды оқыту идеялары белгілі бір қызмет саласында қажетті білім мен дағдыларды меңгеру және практикалық базамен байланысын нығайту мақсатында студенттердің теориялық және практикалық дайындығын біріктірумен тығыз байланысты.
26.04.2023 ж. Ақпарат көзі: turkystan.kz |