қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
26.04.2023

«Заманауи технологиялардың бастауыш білім беру жүйесіндегі әлеуеті» шеберлік сабағы


2023 жылғы 24 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институты бастауыш білім беру кафедрасының профессоры Амина Амирова «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының білім алушыларына «Заманауи технологиялардың бастауыш білім беру жүйесіндегі әлеуеті» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Шеберлік сабаққа Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық унисерситеті, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты білім алушылары мен Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы №30 жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері қатысты.

 

Шеберлік сабақта цифрлық технологиялар туралы теориялық білімдерді практикалық тапсырмалармен бекіте отырып, STEM технологиясы бойынша ұсынылған тапсырмаларға тоқталып өтті. «Технология», «Математика», «Инженерлік өнер» және «Ғылым» станциясы бойынша тапсырмалар көрсетіліп, шеберлік сабаққа қатысушылармен кері байланыс жасалды. Сонымен қатар, «SMART PEDAGOG» веб-сайтымен, wordwall.net, learningapps.org, kahoot, gynzy.com, thinglink.com, joyteka.com, padlet.com сияқты білім беру платформаларымен жұмыс істеу түрлері таныстырылып, практикалық тапсырмалар берілді. Сол тапсырмаларды орындау арқылы қатысушылар өз пікірлерін білдіріп отырды.

 

Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамыған кезеңде оқушылардың біліміне, цифрлық сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Цифрлық технологияларды сабақта әрбір мұғалім тиімді қолдана білуі керек. Сондықтан да бүгінгі өткізілген шебер сабақ әр маман үшін пайдалы білім болды және шеберлік сабағы өте жоғары деңгейде өтті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=