қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.04.2023

Мен - XXI ғасыр мұғалімімін


2023 жылдың 26 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ мен Педагогика және психология институты педагогика кафедрасының 95 жылдығына орай педагогикалық сынып түлектерінің шығармашылық жобаларын таныстыруға арналған «Мен - XXI ғасыр мұғалімімін» тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шараға И.К. Мандоки атындағы №154 мектеп, Абай атындағы РММИ, №81 мектеп-гимназия, Ш.Смағұлов атындағы мамандандырылған физика-математика лицей-интернаты, Алматы қаласы мен Алматы облысының бірқатар мектептері қатысты.


Іс-шара мақсаты - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде және Абай атындағы ҚазҰПУ ережелеріне сәйкес педагогикалық сынып оқушыларын мектептен бастап «мұғалім» мамандығына бейімдеу, қызығушылықты арттыру, ынтымақтастықты нығайту және болашақ педагогикалық қызметте өзін-өзі дамыту үшін мүмкіндіктер жасау. Оқушылардың сөздік қорын байыту, жүйелілік, нақтылық, тиімділік, ұқыптылық сияқты факторлар арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыру педагогикалық сынып жобасының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Жобаның оқушылар үшін өмірлік маңызы бар және білім мен шығармашылық ойлауды, зерттеушілік дағдыларын қамтитын тақырыптарға негізделеді.


Іс-шараны Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, «Педагогикалық сынып» жобасының авторы Дархан Біләлов ашты, ол педагогикалық сыныптың алғашқы түлектерін Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін!» өлеңінің жарқын жолдарымен шабыттандырып, сәттілік тіледі.


Мектеп оқушыларының ұсынған жобаларында «Педагог мамандығына алғашқы қадам», «А.Байтұрсынұлының педагогикалық мұраларындағы заманауи идеялар», «Педагогикалық қарым-қатынас - мұғалім жетістігінің негізі», «Альфа ұрпақтың тәрбиесі қандай болмақ?», «Балаларға жүрек жылуын сыйлаған мұғалім келбеті», «Педагогикалық сынып және оның болашағы», «Цифрлық дәуірдегі мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі» және т.б. танымдық-тәрбиелік мәні бар өзекті мәселелер қозғалды. Мектеп мұғалімдері мен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессорларының бірлескен жетекшілігімен оқушылар шығармашылық жұмыс мазмұнының практикалық маңыздылығы, креативтілік, жаңашылдық, көрнекі құралдарды пайдалану, цифрлық технологияларды ұтымды пайдалану арқылы жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, өз жобаларында жаңашыл бағыттағы жұмыс көрсете білді.


Қазылар алқасының құрамында Абай университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті директоры Хайрулла Жанбеков, №142 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, жаттықтырушы Жанат Қарымсақова, Алматы облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының Іле ауданы бойынша бөлімінің аға әдіскері Аян Сәрсенбаева болды. Олар оқушыларға жылы лебіздерін білдіріп, оқушылар берілген тақырыпты шығармашылықпен аша алғанын атап өтті. Педсынып түлектері Қазақстанның жетекші педагогикалық жоғары оқу орнының студенттері болуға шақырылды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=