Негізгі бет
Жаңалықтар
02.05.2023 Этнопедагогикалық жобалар арқылы балалардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру
2023 жылғы 28 сәуірде Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының профессор-оқытушылары А.Е.Манкеш, Ғ.З.Таубаева және А.К.Айтпаева Тараз қаласындағы №18 «Еркежан» бөбекжай - балабақша базасында өткен «Этнопедагогикалық жобалар арқылы балалардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру» тақырыбындағы аймақтық ғылыми-практикалық семинарына қатысты. Семинардың мақсаты - «Асыл мұра» этнопедагогикалық жобаның озық іс-тәжірибесін насихаттау және тарату.
Жоба негізінде «Қазақ халқының ұлттық қолөнері», «Қазақтың ұлттық ойындары», «Туған өлкем-Қазақстан» және т.б. бірнеше тақырыпта оқу стенділер, ұйымдастырылған іс-әрекетке арналған буклеттер, ойындар-тапсырмалар, лото - мозайкалар дайындалған. Жоба авторы Р.Қ.Керімбаеваның «Ғажайып киіз үй» жылжымалы оқу-әдістемелік тақтасы, «Сиқырлы диірмен» интеллектуалды құралымен және т.б. өнертабыс өнімдері көрсетілді.
Семинарда «Асыл мұра» этнопедагогикалық жоба негізінде дайындалған оқу-әдістемелік құралдардың тұсаукесері болып, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасымен әріптестік меморандумына қол қойылды.
Семинар жұмысына Жамбыл облыстық, қалалық және аудандық мектепке дейінгі бөлім басшылары мен мектепке дейінгі ұйым әдіскер-меңгерушілері қатысып, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтардың тәрбиелік мәні мен рухани маңыздылығына тоқталып, өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
|