қазақша · русский · english
 
 
 

 

«Халықаралық құқық» кафедрасы Лотарингия университеті, Иналко университеті, Страсбург университеті, «Universite Sorbonne Ragis Cite» (France) секілді Францияның жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтасады.

 

«6В04211-Халықаралық құқық» ББ шеңберінде Лотарингия университетімен (Франция) бірлесіп қос дипломды бағдарлама іске асырылуда. Оқытуды қазақстандық, сондай-ақ, Лотарингия университетінен (Франция) және Иналко университетінен (Франция) шақырылған шетелдік оқытушылары жүзеге асырады.


Профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы


«Халықаралық құқық» ББ профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы Эразмус + және Лотарингия, Сорбонна Париж Сите, Пуатье, Иналко университеттерімен шетелдік шарттар шеңберінде жүзеге асырылады.

 

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы Францияның жоғары оқу орындарында: Перпиньян университетінде және Пуатье университетінде зерттеулер жүргізді. Жыл сайын Францияның жетекші жоғары оқу орындарында: Перпиньян университетінде, Пуатье университетінде, Лотарингия университетінде шетелдік тағылымдамадан өтеді.

 

«Халықаралық құқық» кафедрасында «Болашақ» бағдарламасының түлектері: оқытушылар Салихов А. (Вичи қаласындағы CAVILAM, Франция), Асқарова Г.К. (Пуатье университеті, Франция), Жұмаш Г.Т. (Michigan State University, АҚШ) сабақ жүргізеді.

 

Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы

 

«Халықаралық құқық» ББ білім алушылары академиялық ұтқырлық бойынша алыс шетелдік жоғары оқу орындарына білім алады (Франция халықаралық университетімен - Де Лоран - Лотарингия, Пуатье университетімен, Литва - Миколас Ромирис университетімен шарттар жасалды).

 

«Халықаралық құқық» ББ бойынша 2023 оқу жылында академиялық ұтқырлық аясында Лотарингия университетінде (Франция) студенттеріміз: Байжигитова Малика, Джанибеков Ансар, Курбанали Дастан, Трушель Илья, Айтмұхамбет Алина, Керимбаева Аяулым, Ермекбаева Анель білім алды.