Негізгі бет
Жаңалықтар
03.05.2023 Педагогика және психология институтының докторанттарының кезекті ғылыми семинары өтті
2023 жылдың 2 мамырында Педагогика және психология институты докторанттарының кезекті ғылыми семинары өтті. Семинардың негізгі мақсаты - докторанттардың ғылыми зерттеу жұмыстарын орындау барысында жинақтаған тәжірибелерімен алмасу, қол жеткізген нәтижелерін баяндап үйрену және ғылыми зерттеу саласындағы әдіснамалық білімдерін кеңейту.
Семинарда Молбаева Н. Қ. «Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушылардың оқу жетістігін бағалау», Байгалиев А. М., «Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларды физикалық оңалтудың заманауи педагогикалық технологиялары», Кудайбергенова У.Ж. «Қазақ тілді бастауыш сынып оқушыларының спецификалық жазбаша сөйлеу бұзылыстары», Балгинбаева Н.Е. «Болашақ бастауыш білім педагогтерін бизнес-инновацияға бағдарлау арқылы кәсіби іс-әрекетке даярлау», Анапияева С.С. «Цифрлық дизайнды жобалау арқылы бастауыш сынып оқушыларының әдеби мәтіндегі көркемдегіш құралдарды тану білігін қалыптастыру», Тұрысбаева А. Ж. «Қалыптастырушы бағалау арқылы бастауыш сынып оқушыларының метапәндік нәтижелерін дамыту» тақырыптарында баяндамалары тындалды.
Семинарға институттың зерттеуші-профессоры Мовкебаева З. А., директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Абсатова М.А. және басқа да профессор-оқытушылар қатысты. Модератор «8D01101 - Педагогика и психология» мамандығының 2 курс докторанты Ағыбай Қ. Е. болды.
Семинар барысында докторанттар өздерінің докторлық диссертацияларында қарастырып жатқан мәселелерінің қазіргі ғылымды дамытудағы ролі, теориялық және тәжірибелік мүмкіндіктерін көрсетті.
Семинарға қатысушылардың тарапынан әртүрлі сұрақтар мен ұсыныстар айтылып, ғылыми пікірталастар болды. Соның негізінде семинарға қатысушалар ғылыми шығармашылық деңгейлерін одан әрі ұштай түсті.
|