Басқармалар |
«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Кадр саясаты басқармасының негізгі мақсаттары мен міндеттері: 1. Басқарманың негізгі мақсаты - адам ресурстарын тиімді басқару, қызметкерлердің саны мен сапасының оңтайлы деңгейін ұстап тұру, заманауи технологияларды пайдалану, жұмыс тәжірибесімен алмасу, сондай-ақ оқу және тәрбие процестерін үздіксіз жетілдіру.
2. Басқармасының міндеттері: 1)тәжірибелі, жоғары білікті және ортақ стратегиялық мақсатқа жетуге мүдделі қызметкерлермен қамтамасыз ету; 2) кадрларды іріктеу және орналастыру; 3) кадрлық есепке алуды жүргізу; 4)қызметкерлердің іскерлік қасиеттерін зерделеу және бағалау, қызметкерлердің атқаратын лауазымдарына сәйкестігін зерделеу; 5) кадрларды оқытуды және олардың біліктілігін арттыруды, қызметкерлерді аттестациялауды ұйымдастыру және жүргізу; 6) әрбір қызметкердің кәсіби дағдылары мен әлеуетті мүмкіндіктерін тиімді пайдалану; 7)педагогикалық қызметкерлердің еңбегін арттыру мақсатында тиімді мотивация жүйесін құру; 8) орындаушылық тәртіпті, қызметкерлердің қызметтік міндеттерін орындауға жауапкершілігін арттыру, еңбек тәртібін нығайту; 9)қоғамда қызметкерлердің еңбек жағдайларымен барынша толық қанағаттануы үшін жағдайлар жасау; 10)ұжымда қолайлы микроклиматты құруға және сақтауға ықпал ететін іскерлік корпоративтік мәдениетті қалыптастыру.
|