қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
05.05.2023

Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған Этнофестиваль


2023 жылғы 3 мамырда Филология институтының ұйымдастыруымен 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі аясында Этнофестиваль өтті. Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары бұл іс-шараға белсенді қатысты. Студенттер мен оқытушылар 7 тіл бойынша 7 мемлекеттің ұлттық киімін киіп, ел мәдениетін, ұлттық тағамдарды таныстару мақсатында көрме ұйымдастырды. Алматы қаласы бойынша Ұйғыр этно-мәдениет орталығынан Масим Насима ұйғыр биін билеп, Тоқтар Махаббат «Rise up» әнін айтты. Ағылшын тілін меңгерген шығыс тілі мұғалімі 2 курс студенттері мен 3 курс «Шетел филологиясы: қытай тілі» мамандығының студенті Султанмуратова Айдана «我的歌声里» әнімен қытай мәдениетін таныстырып, «Өмірім» әсем әні араб әуенінде шырқалды. Француз халқының атынан «Шанель» би тобы мен Корей халқының өнерлі бишілері ортада би билеп, түрік халқының ерекше ұлттық әні «kiralık aşk» айтылды. Кафедра ұжымына әділ-қазылар алқасы іс-шараға ерекше атсалысқаны үшін үлкен алғыстарын білдіріп, университет ректоры атынан 30 000 теңге сыйақымен марапаттады.

 

  alt=  

 

  alt=