қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.05.2023

Абай университетінде Жұмыс берушілер жәрмеңкесі  өтті

 

2023 жылғы 5 мамырда Абай университетінде Жұмыс берушілер жәрмеңкесі-2023 өтті, онда Алматы қаласының 100-ден астам білім беру мекемелері мен кәсіби қызмет көрсету ұйымдарының өкілдері жас мамандар мен студенттерге жұмысқа орналасудың бірегей мүмкіндіктерін ұсынды. Іс-шараны университеттің «Мансап» орталығы ұйымдастырды.

 

2022/2023 оқу жылында университетті 4108 студент бітіреді. Оның ішінде бакалавриат - 3257 студент (педагогикалық бағыт бойынша - 2188, педагогикалық емес мамандықтар бойынша - 1069), магистратура - 750, докторантура - 101 түлек.

 

Абай университеті Алматы қаласымен және басқа да облыстармен ынтымақтастықта. Мәселен, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарынан педагог маманына 1645 өтініш, Алматы қаласы мен Алматы облысындағы жекеменшік мектептерден 250 өтініш түскен.

 

Жұмыс берушілер жәрмеңкесін университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Гүлжан Жарасова ашып, Абай университетінде түлектердің тұлғалық және мансаптық өсуіне жағдай жасалып жатқанын, жұмыс берушілер жәрмеңкесі сияқты іс-шаралар осы жұмыстың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті. Абай университетінің барлық қызметі студенттердің жоғары сапалы білім алуы мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған, бұл олардың кейінгі өмірінде өзін табысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 

Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өздерінің кадрларға деген қажеттіліктері туралы айтып, студенттерге болашақта мансапты жоспарлау және тағылымдамадан өту мүмкіндіктері туралы кеңестер берді. Студенттер мен жас мамандар қазіргі бос орындар, үміткерлерге қойылатын талаптар, еңбек жағдайлары мен өсу перспективалары туралы ақпарат алды, өз мамандықтары бойынша жұмыс орындарын таңдады. Жалпы, университеттегі жұмыс берушілер жәрмеңкесі өз саласында лайықты жұмысқа орналасуға ұмтылатын студенттер үшін пайдалы және қызықты іс-шара болды.

 

Іс-шара білім алушыларды жұмысқа орналастыру және жас мамандарды кәсіби ортаға дайындау мақсатында ұйымдастырылды. Жәрмеңке қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды. Абай университеті алдағы уақытта да ынтымақтастыққа қызығушылық танытқан қатысушылар үшін осындай іс-шаралар ұйымдастыратын болады. Сонымен қатар, университет студенттерге жұмыс іздеуге және олардың дағдылары мен құзыреттерін дамытуға көмектесу үшін бос орындар жәрмеңкелерін, мансаптық семинарлар мен тренингтер ұйымдастырып, түлектерге еңбек ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдармен және аймақтық билік органдарымен тығыз жұмыс жасауда.

 

Білім беру мекемелері мен компания өкілдері іс-шараны ұйымдастырғаны үшін Абай университетіне алғыстарын білдіріп, студенттерді даярлаудың жоғары деңгейін атап өтті. Сондай-ақ олар жұмыс берушілер жәрмеңкесі жекелеген компаниялардың, жалпы еліміздің дамуына үлес қосатын талантты және болашағы зор жас мамандарды табуға мүмкіндік беретінін баса айтты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Қоғаммен байланыс департаменті