қазақша · русский · english
 
 
 
20.01.2020

Жаңа бастамалар ғылымның дамуына қызмет етіп, жас ғылыми кадрлардың өсуіне серпін береді

 


 

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың ғылымды дамыту және ғылыми кадрларды даярлау сапасын арттыру мәселелерін көтеруі өте маңызды.


Оған шынымен де түбегейлі көзқарас қажет. Мемлекеттік қаржыландыру жас ғалымдардың өздерін және олардың ғылыми зерттеулерін одан әрі жүзеге асыруды ынталандыратыны сөзсіз. Сондай-ақ, ғылымның бизнеспен өзара әрекеттесуін күшейту маңызды, осыған байланысты экономиканың барлық салаларында көптеген байланыстар бар. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, егер ол жаңа ғылыми жетістіктер мен технологияларды белсенді пайдаланса, кез келген бизнес бір орында тұрмай, шын мәнінде дамиды.


Сондықтан, ҚР Білім және ғылым министрлігі негізінен ғылыми жобаларды қаржыландыру туралы шешімдер қабылдайтын Ұлттық ғылыми кеңестердің (ҰҒК) жұмысына өзгертулер енгізілетіндігі маңызды қадам деп ойлаймын. Ұлттық жүйені жаңғырту, атап айтқанда оның құрамын қалыптастыру қазақстандық ғылымның одан әрі дамуына қызмет етіп, жас ғылыми кадрлардың өсуіне жаңа серпін береді деп сенеміз.


Такир Балықбаев, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры

20.01.2020 ж.

Ақпарат көзі: nauka.kz

 




Кері оралу