«Ұлттық жады және болашақ тағылымы» эссе байқауы
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына, Әбу-Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына, Алтын Орданың 750 жылдығына арналған «Ұлттық жады және болашақ тағылымы» жалпыуниверситеттік эссе байқауын жариялады.
Байқаудың мақсаты - дарынды балаларды анықтау және қолдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту және жастардың эстетикалық талғамын арттыру. Студенттер мен магистранттарды қазақ және әлем әдебиетінің классигі Абай Құнанбаевтың әдеби туындыларымен, әлем тарихының «Екінші ұстазы» Әбу-насыр Әл-Фарабидің мұрасымен, төл тарихымыздың діңгегіне айналған Алтын Орданың мемлекеттік маңыздылығымен таныстыру.
Байқау 4 тақырыптық бағыттан тұрады:
- «Абай басқан ізбенен...» (Абай Құнанбаев);
- «Кемеңгерліктің кілтін салған...» (Әбу-насыр Әл-Фараби);
- «Тағылымды тарих хақында...» (Алтын Орда);
- «ХХІ ғасырдың - Абай университеті» (Абай атындағы ҚазҰПУ).
Байқаудың тілдері - қазақ тілі, орыс тілі. Эссе көлемі - 500 сөзден кем болмауы тиіс. Байқау қатысушылары 2020 жылдың 25 тамызына дейін эссесін кешіктірмей ұсынуы тиіс.
Байқауға өтінімдерді ұсыну мекен-жайы - №1 корпус, Қазыбек би, 30, Мансап орталығының 206 кабинетіне тапсырылады немесе opit_kaznpu@mail.ru эл. поштасына («Абай эссе» деген атаумен жолдау қажет) жолданады.
Байқау қорытындысы қазылар алқасының дауыс беруімен шығарылады. Әр тақырыптан үш жеңімпаз анықталып, жүлделі орындар мен арнайы дипломдармен марапатталады.
Жеңімпаздарды жариялау мерзімі - 29 тамыз. Салатанатты марапаттау рәсімі 08 қыркүйекке жоспарланған. Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондар бойынша хабарласуға болады: 8775 267 0749, 8707 320 2590.
Құрметті студенттер және магистранттар, үздік эссе байқауында бағыңызды сынап көріңіз!
Байқаудың ережесі