Міндетті үш жылдық еңбек өтемін түсіндіру бойынша түлектермен кездесу
2023 жылғы 15 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Мансап» орталығының маманы Альфия Байғұтты «Міндетті үшжылдық еңбек өтемі» тақырыбында бітіруші түлектермен (бакалавриат, магистратура, Phd докторантура) онлайн ақпараттық кездесу өткізді. Кездесуге АҚ «Қаржы орталығы» Мониторинг департаментінің маманы Құралай Мұратқызы қатысты.
Кездесуде Қаржы орталығының өкілі 2012 жылғы №390 Қаулысына енгізілген өзгертулер туралы айтып, түсіндіру жұмысын жүргізді. Мемлекеттік білім гранты бойынша оқитын студенттер үшін кездесудің маңыздылығын атап өтті.
Студенттер ҚР Үкіметінің 2012 жылғы №390 Қаулысына байланысты сұрақтарын қойып, мемлекеттік грант өтемінен қандай жағдайда босатылатыны жайлы ақпарат алды.