Негізгі бет
Жаңалықтар
02.06.2023 «Жаңа гуманитарлық білім: оқылым мен жазылымды деңгейлік оқыту» республикалық ғылыми-практикалық конференция
Конференция Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Деңгейлік парадигмалар әдіснамасы: оқылым мен жазылым» гранттық жобасы (№АР14869424) негізінде ұйымдастырылды.
Конференцияның негізгі мақсаты - қазақ тілін деңгейлік оқытудың басты ұстанымдары мен талаптарын айқындай отырып, ұлттық құндылықтарды меңгерудің бағыт-бағдарын көрсету, тіл мен әдебиетті оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсыну.
Конференцияны Абай университеті Филология институтының директоры А.В.Таңжарықова жүргізіп, Қазақстан-Британ техникалық университеті тілдер кафедрасының ассоциативтік профессорыЖ.Т. Дәулетбекова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тілі білімі кафедрасының меңгерушісі А.Б. Салқынбай, Абай университетінің доценті Р.С. Рахметова, қауымдастырылған профессор м.а. А.Қ. Рауандина, академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Н.А. Ильясова, филология ғылымдарының кандидаты Ж.А. Қоқанова баяндама жасады. Сонымен қатар, Республикадағы пилоттық мектеп мұғалімдері: К. Смагулова, А.Қырықбаев, Б.Мукеева, М.Нурымбаева, У.Казыбаева, Ж.Иманғалиева, Н.Мейірбек, Г.Аймағанбетова, У.Тогтал, Л. Абзалова, Д.Жумабаева, Г.Жунуспаева, А.Арынова және т.б. Павлодар облысы, Қарағанды қаласы, Алматы қаласы, Абай обылысы мектептерінің мұғалімдері өз ойларын ортаға салды.
Конференцияда қазақ тілін деңгейлік оқытудың басты ұстанымдары мен талаптары айқындалып, қазақ тілін деңгейлік оқытуға қатысты сүбелі шешімдер қабылданды. Конференция қатысушыларына алғыс хат ұсынылып, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі, профессор Ф.Ш. Оразбаеваның деңгейлік оқытуға қатысты монографиясы табыс етілді.
|