|
Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент | |
Әлеуметтік-тәрбие бөлімінің мақсаты - жоғары оқу орны мен студенттердің тәрбие жұмысын үйлестіру мен әлеуметтік сұрақтарды шешу, жастардың бойында азаматтық, патриоттық, рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыта отырып, жоғары кәсіби мәдениетті, заман талабына сай, бәсекеге қабілетті маман тұлға қалыптастыру, мемлекеттік жастар саясатын насихаттау, студенттердің қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуына бағыт-бағдар беру.
Әлеуметтік-тәрбие бөлімі қызметінің негізгі бағыттары:
- университетте ҚР мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру; - ел азаматтарының татулығын, келісімі мен бірлігін насихаттау, студенттерді толеранттылыққа, өзге халықтардың салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу; - сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау және жастардың отанға деген патриоттық сезімін нығайту; - студенттік ортада кері діни ағымдар идеяларының және діни экстремизм және терроризмнің таралуының алдын алу жұмыстары; - Абай атындағы ҚазҰПУ қалыптасқан дәстүрлерді сақтау, университет тарихын және бейнесін кеңінен насихаттау; - студент жастардың әлеуметтік-тұрмыстық, психологиялық мәселелерін шешуге ат салысу; - интелектуалды, мәдениетті тұлға қалыптастыруға, адамгершілік-этикалық және дене тәрбиесі бағытында дамуға жағдай жасау; - университеттегі тәрбие жұмыстарының әдістемелік негізін қалыптастыру; - еліміздің өзге өңірлерінен келген студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету, бірінші кезекте жатақханаларда орналастыру бойынша жұмысты үйлестіру; - халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан студенттерді ЖОО мен қоғамдық өмірге белсенділікке тарту; - ақылы бөлімде білім алатын студенттердің оқу ақысына жеңілдік беру барысын қадағалау; - студенттер арасындағы діни экстремизм, құқықбұзушылық, жемқорлық сипатындағы жағымсыз көріністердің алдын алу бойынша іс-шараларды өткізуге ат салысу; - студенттер мен профессор-оқытушылар құрамымен танымдық-зияткерлік деңгейін көтеру жайлы аналитикалық-ақпараттық материалдар дайындау; - университеттегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша: - мемлекеттік тіл саясатын қолдау, түсіндіру; - ұлтаралық келісімді насихаттау; - адами құндылықтар жүйесін қалыптастыру; - студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу; - профессор-оқытушылар құрамының студенттермен тәрбие жұмыстарын жүргізген кездегі белсенділігін анықтау тұрғысынан ретроспективалы талдау жүргізу; - университет институттарының деканаттарымен жұмыс; - қоғамдық студенттік ұйымдарға әдістемелік және ұйымдастыру тұрғысынан көмек көрсету; - студент жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру; - мүмкіндігі шектеулі студенттерге көмек көрсету кезінде, сондай-ақ білімгермен күрделі жағдайлар орын алғанда кураторлармен, ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен), әлеуметтік қызметтегі мамандарымен өзара әрекеттесу; - қалалық, облыстық әкімшілікпен, басқармалармен, өзге де бастамашыл ұйымдармен байланыс орнату; - жатақханада тұратын студенттермен аудиториядан тыс тәрбиелік және қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру, студенттерге тұрғын үй және тұрмыстық мәселелерді шешуге көмек көрсету.
Қызметтері
- ҚР қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына сәйкес тәрбие жұмысын жоспарлау және бақылау, ақпараттық-ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және оны университетте жүзеге асыру; - жоспарға сәйкес тәрбие жұмысының барлық бағыттары бойынша университетішілік іс-шаралар өткізу; - студенттік ортада құқық бұзушылықты алдын алу бойынша қызметтер, атап айтқанда темекі тарту, АҚТҚ-инфекция, есірткінің таратылуы, т.б. алдын алу шаралары бойынша жұмыстар ұйымдастыру; - университет бойынша патриоттық, азаматтық, экологиялық тәрбиені, жоғары мораль мен адамгершілікті, құқықтық мәдениетті, конфессияаралық төзімділікті қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты мүдделері мен қабілеттерін дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; - студенттердің әлеуметтік сұрақтарын шешуде көмек көрсету, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі білімгерлерге қолдау көрсету мақсатында қала, облыстың мүдделі ұйымдарымен бірлесіп жұмыс атқару; - өзін-өзі көрсете алатын, өзін-өзі дамыта алатын, шығармашылық қабілеті жоғары, жауапкершілікті сезінетін және қоғамға пайда әкелгісі келетін әлеуметтік құзыретті тұлғаны қалыптастыру; - тәрбие жұмысына қатысты тақырыптар бойынша семинарлар, тренингтер, конференциялар, кездесулер, ашық дәрістер, т.б., ұйымдастыруға ықпал ету; - университеттегі қоғамдық тәртіпті, жатаханада тұру ережелерін, ішкі тәртіп бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстар мен бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру.
|