Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент | Басты / Біз туралы / Университет құрылымы / Департаменттер / Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департамент / Мәдениет және шығармашылық бөлімі
Жастар шығармашылығы бөлімінің мақсаты - студенттердің рухани мүмкіндіктерін дамыту, білімгерлердің мәдени-рухани қасиеттерін арттыру, студент жастардың шығармашылық әлеуеттерін ашу мақсатында шараларды ұйымдастыру. Талантты жастардың шығармашылығына қолдау көрсету, студенттердің қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуына бағыт-бағдар беру, эстетикалық талғамдарын дамыту, әлеуметтік белсенділігін арттыру. Сонымен қатар, студенттердің бос уақытын тиімді пайдалануды, жаңа тың көзқарастағы жастардың прогрессивті ой-өрісін дамытуды көздейді.
Жастар шығармашылығы бөлімінің міндеті: - университеттің шығармашылық үрдісін ұзақ мерзімді және ағымдық жоспарлау және іске асуын қамтамасыз ету; - жауапкершілік, еңбексүйгіштік, патриотизм, жоғары рухани құндылықтарды тәрбиелеуге бағытталған шаралар арқылы студенттерге тиімді университеттік орта қалыптастыру; - іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және жүзеге асыру; - студенттер бойында эстетикалық және мәдени құндылықтарды қалыптастыру, жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту; - қалалық, облыстық әкімшілікпен, басқармалармен, өзге де бастамашыл ұйымдармен байланыс орнату; - университеттің ішкі және сыртқы имиджін нығайту; - жастар арасында ұлттық өнерді насихаттайтын көркемөнерпаздық ұжымдарды қалыптастыру; - шығармашыл студенттерді университеттің қоғамдық өміріне, мәдени- іс-шараларына белсене қатысуын қамтамасыз етіп, өздерінің мүмкіндіктеріне деген сенімін арттыру.
Жастар шығармашылығы бөлімінің қызметі: - жоспарға сәйкес тәрбие жұмысының барлық бағыттары бойынша университетішілік іс-шаралар өткізу; - студенттік ортада құқық бұзушылықты алдын алу бойынша қызметтер, атап айтқанда зиянды әдеттер, ВИЧ-инфекция, есірткінің таратылуы, т.б. алдын алу шаралары бойынша жұмыстар ұйымдастыру; - университет бойынша патриоттық, азаматтық, экологиялық тәрбиені, жоғары мораль мен адамгершілікті, құқықтық мәдениетті, конфессияаралық төзімділікті қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты мүдделері мен қабілеттерін дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; - өзін-өзі көрсете алатын, өзін-өзі дамыта алатын, шығармашылық қабілеті жоғары, жауапкершілікті сезінетін және қоғамға пайда әкелгісі келетін әлеуметтік құзыретті тұлғаны қалыптастыру; - шығармашылық ұжымдардың, би ансамблі, вокалды-аспаптар ансамблі, студиялардың, вокалистердің, студенттер театрының жастарымен жұмыс істеу; - университет қабырғасында өтетін іс-шараларды музыкалық аппараттармен және жарықпен қамтамасыз ету, жастардың шығармашылық әлеуеттерін ашу мақсатында шараларды ұйымдастыруға көмектесу; - тәрбие жұмысына қатысты тақырыптар бойынша семинарлар, тренингтер, конференциялар, кездесулер, ашық дәрістер және т.б. іс-шараларды ұйымдастыру.
|