қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
09.06.2023

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының атқарған жұмыстары

 


 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы жоғары оқу орнында оқу-әдістемелік, әлеуметтік, тәрбиелік, сараптамалық және этносаяси мәселелерді жүзеге асыру барысында оларды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен қамтамасыз етуге жүйелі көңіл бөліп келеді. Кафедраның басты міндеті - Қазақстан халқы Ассамблеясының тәжірибесі мен елдегі ұлтаралық татулық негізін сараптамалық бірлестіктер мен ғылыми құрылымдарды қалыптастыру арқылы іргелі зерттеуді жүзеге асыру, әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени үдерістер тұрғысында этносаясат мәселелеріне байланысты жүйелі зерттелген тұжырым қалыптастыру, этносаяси зерттеулерді әлемдік тәжірибемен салыстыра отырып зерделеу. Аталған кафедра биылғы 2022-2023 оқу жылында төмендегідей ауқымды іс-шаралар өткізді.

 

2022 жылдың 27 тамызында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы «Бірлік» студенттік Ассамблеясының белсенді мүшелерімен бірге барлық отандастарымызды еліміздің Конституциясы күнімен құттықтады. Аталған іс-шараға қатысқан студенттер өз сөздерінде мемлекеттің негізгі Заңына деген құрмет әрбір азаматтың жүрегінде болуы тиіс екенін атап өтіп, еліміздің одан әрі дамуы мен гүлденуі үшін жастардың жаңа өзгерістерге оң көзқарасын білдірді.

 

5-15 қыркүйек күндері кафедраның ұйымдастыруымен 5 қыркүйек - Тілдер күні мен Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналған «Тіл - қоғамның айнасы» тақырыбында университеттің 1, 2-курс студенттері арасында эссе жазу байқауы өтті. Аталған байқауда арнайы құрылған комиссия мүшелері студенттердің жұмыстарын бағалап, жеңімпаздарды марапаттады.

 

Студенттер арасындағы келесі байқау университетте 19 қазанда «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында болды. Республика күніне орай өткен байқауға қазақ, орыс және ағылшын тілінде жазылған 170 эссе ұсынылды. Оның ішінде қазақ тілінде - 103, орыс тілінде - 22, ағылшын тілінде - 45. Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланов құттықтау сөз сөйлеп, дипломдар, алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.

 

Ұстаздар ұстаханасында 21 қазан күні Республика күніне орай «Жаңа Қазақстанның жаңа келбеті» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы мен Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының бірлескен қалалық мәжілісі өтті. Аталған мерекелік мәжіліс қалалық деңгейде өткізілді. Бұл мәжіліске ҚР ҒЖБМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтынан, Достық үйінен, этномәдени бірлестіктерден, жоғары оқу орындарынан арнайы қонақтар шақырылды. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Гүлжиһан Шаһарман мәжіліс модераторы болды.

 

9 желтоқсан күні Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы мен Жаратылыстану және география институты «Qoldau» студенттік өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Заманауи педагогтің құзыреттілігі» тақырыбында институтаралық интеллектуалды сайыс өткізді. Сайыс үш кезеңнен тұрды.

 

Биыл 17 ақпанда Абай атындағы ҚазҰПУ-да Қазақстан халқы Ассамблесы кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ҚХА кафедрасының профессоры, ғылыми жобаның бас ғылыми қызметкері Ж.М.Сабитовпен «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Республикасының оңтүстік аймағындағы этносаралық қатынастардың ерекшеліктері» тақырыбында ҚР ҚЖБМ гранттық қаржыландыру ғылыми жобасы аясында кездесу өтті. Ғылыми кездесудің жұмысына Абай университетінің Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Ш. Нұрланов сәттілік тіледі. Ғылыми кездесу мазмұнды әрі жоғары деңгейде өтті.

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің тапсырмасы бойынша 27 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Отаншылдық - ұлт рухының айнасы» атты ашық дәріс өтті.

 

12 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасымен «Шаңырақ» ҚХА кафедраларының республикалық қауымдастығының ұйымдастыруымен ХVII «ǴYLYM JÁNE BІLІM-2023» атты Халықаралық ғылыми конференция өтті. Осы ғылыми конференцияға Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология және көп тілді білім беру институтының 1-курс студенті Нұғман Тоғжан қатысып, екінші орынға ие болды.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығы аясында 21 сәуір күні Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Жастар - Жаңа Қазақстан дамуының қозғаушы күші» тақырыбында дәстүрлі қонақтық дәріс өткізілді. Бұл дәрісті Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Г. Шахарман ашты.

 

3 мамыр күні университеттің 95 жылдығына орай Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы мен Филология институтының ұйымдастыруымен «Береке бастауы - бірлік» тақырыбында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған студенттердің этнофестивалі өтті. Этнофестивалді салтанатты түрде құттықтау сөзбен Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланұлы ашты.

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының қосымша қатысқан іс-шараларына да тоқтала кетсек артық болмас. Айталық, 27 қыркүйекте Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Алматы қаласы әкімдігі, Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесі және университеттік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Этносаралық келісімнің қазақстандық моделі» тақырыбында семинар өтті.

 

11 қарашада ҚР АҚДМ Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты, «АМАНАТ» партиясының Қоғамдық саясат институты және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бірлесіп «Электоралдық белсенділік азаматтық бірегейлік факторы ретінде» атты жалпыреспубликалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

 

Биылғы жылдың 5 мамыр күні Қазақстан халықтарының бірлігі күні мен білім ордасының 95 жылдығына орай «Менің университетім» атты түлектермен кездесу болды. Шараны университеттің Басқарма Төрағасы-Ректор Дархан Нұрланұлы ашты.

 

Айта кетейік, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының барлық іс-шарасы жас ұрпақтың бойына отаншылдық сана сезімді сіңіруге, ел тәуелсіздігін нығайтуға, ұлттық бірлік пен тұтастықты сақтауға бағытталған.

 

 

 

Авторы: Гүлжанар Болатқызы

09.06.2023 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com, PDF