қазақша · русский · english
 
 
 
 Ильясова Нағима Әбзелбекқызы
Кафедра меңгерушісі
Филология ғылымдарының докторы, профессор
Достық даңғылы,13
 8-747-236-75-37
kafedra20@list.ru


МИССИЯСЫ:

Әлемдік тенденциядағы аса маңызды озық әдістемелер, демократиялық білім беру, дербестендірілген оқыту (персонализация) қағидаттарын басшылыққа алатын, мұғалімнің рөлін тереңінен түсінетін, ұлттық құндылықтарды қазіргі заманғы білім беруге икемдейтін, бәсекеге қабілетті қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау.

 

Пайымдау:

Жаңа формациядағы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлайтын көшбасшы орталыққа айналады.

 

Кафедра туралы

Кафедра тарихы 1928-1929 жж. А.Байтұрсынұлы, 1932-1937 жж. Қ.Жұбанов басқарған Лингвистика-педагогика бөлімінен бастау алады. 1937 жылы қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселесімен айналысатын жеке кафедраларға бөлінген.

 

2020 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедра меңгерушісі - филология ғылымдарының докторы Нағима Әбзелбекқызы Ильясова.

 

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы: ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі - 1; ғылым докторы - 8; ғыл.кандидаты - 11; PhD - 5; магистр аға оқытушы - 4, аға оқытушы - 1.

 

Ғылыми және әдістемелік жетістіктері:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің іргелі зерттеу жобасының жеңімпаздары (жетекшілер: п.ғ.д., проф. ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Ф.Ш.Оразбаева, ф.ғ.д., профессор Қ.Ө.Есенова).

Абай атындағы ҚазҰПУ қаржыландыратын ішкі жоба (Ж.А.Қоқанова)

Университетішілік жас ғалымдар ғылыми жоба жеңімпаздары (С.А.Жиренов, М.Иманқұлова).

Профессор-зерттеуші жеңімпаздары: п.ғ.д., проф. ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Ф.Ш.Оразбаева, ф.ғ.д., профессор Қ.Ө.Есенова

Постдокторантура жеңімпаздары: PhD, қауымдастырылған проф. м.а. Молдағали Б. PhD, қауымдастырылған проф. м.а. Иманкулова М.А.

«Болашақ» бағдарламасы аясындағы «500» ғалым жобасының жеңімпаздары - PhD, қауымдастырылған проф. м.а. Ж.Т.Беласарова, PhD, қауымдастырылған проф. м.а Г.Е. Дюсембина.

 

Студенттер контингенті: кафедра педагогикалық және гуманитарлық бағыттағы мамандықтар бойынша 1300-ге тарта бакалавр, 40-тан аса магистрант, 20-дан аса докторант қабылдайды.

 

Кафедраның оқу процесін ұйымдастыруна арналған аудиториялық қор:

- АКТ құралдарымен жабдықталған 4 дәрісхана;

- панелдік тақтамен жабдықталған 10 аудитория;

- 1 компьютерлік класс;

- 18 аудитория;

 

Білім берудің үш деңгейі бойынша (бакалавриат, магистратура және докторантура) кадрларды даярлау келесі білім беру бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады:

 

Бакалавриат

Магистратура

Докторантура

6В01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті

7М011701 - Қазақ тілі мен әдебиеті

8D011701 - Қазақ тілі мен әдебиеті

6В01704 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

7М01704 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

8D01704 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

6В02301 - Филология

7М02301 - Филология

8D02301 - Филология

 

 

8D02304 - Лингвистика

 

Біздің мамандықта  оқудың артықшылықтары:

- үздіксіз білім беру: бакалавриат, магистратура және докторантурада білім алу;

- академиялық ұтқырлық бойынша алыс шетелде білім алуы;

- Ұлы Абайдың «Толық адам» ілімі бойынша онлайн курстар, тәрбие жұмыстарына белсене қатысуы;

- әдістемелік десант: болашақ педагог мамандарды кәсіби қолдау форумы бойына кәсіби біліктілігін шыңдауы;

- «Сөзтаным», «Тіл - таным», «Қызықты грамматика», «Тұлғатаным» клубтары арқылы студенттердің ғылыми, мәдени, тарихи танымдық қабілеттерін арттыру.