қазақша · русский · english
 
 
 

 

«Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының ғылыми әлеуеті жоғары. Кафедрада 7 ғылым докторы, 15 ғылым кандидаты, 12 PhD докторы, 10 магистр, 7 оқытушы, 1 постдокторант жұмыс істейді. Жас оқытушылар арасында 2022-2023 жылдары «Болашақ» халықаралық бағдарламасының 5 стипендиаты бар (қауымдаст. профессорлардың м.а. Д.А.Сабирова, С.Қ.Серикова, Ф.М.Ержанова; оқытушы А.Б.Умарова, PhD докторы Г.Е.Жандыкеева). Кафедраның 8 оқытушысы ҚР ҒЖБМ грантының және «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының номинанттары болып табылады (проф.С.А.Абишева, Г.А.Қажығалиева, М.Ш.Мусатаева, Л.В.Сафронова, Д.Д.Шайбакова, Р.А.Шаханова, проф.м.а. Ж.Б.Ибраева, қауымдаст. проф. м.а. Д.А.Сабирова; оның ішінде проф. М.Ш.Мусатаева, Л.В.Сафронова - екі рет), 1 оқытушы - «Инновациялық оқытушылық шеберлік» номинациясы бойынша «Абай атындағы ҚазҰПУ үздік оқытушысы» (проф. м.а. Ж.Б.Ибраева), 2 оқытушы «Ғылымға қосқан зор үлесі үшін» мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегерлері болып табылады (проф. С.Д.Абишева, М.Ш.Мусатаева., 1 - «Жас ғалымдарға арналған» мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері (қауымдас.проф. м.а. Д.А.Сабирова), 1 оқытушы «ТМД-ның үздік ғылыми қызметкері» атағына ие болды, А.С. Пушкин медалімен марапатталды (проф. М.Ш.Мусатаева).

 

Кафедраның ПОҚ халықаралық және республикалық деңгейдегі ғылыми жобаларды әзірлеуге белсенді қатысады. 2023 жылы кафедра оқытушылары 9 ғылыми жоба: 2 халықаралық (проф. С.Д.Абишева, қауымдыс.проф.м.а. Д.А. Сабирова және қауымдыс.проф.м.а. С.Қ.Серикова, магистр М.Молдағали) және ҚР ҒЖБМ қаржыландыратын 7 ғылыми жобамен жұмыс жүргізді (қауымдас.профессорлардың м. а. Г.Ж.Байшукурова, Ф.М.Ержанова, Д.А.Сабирова, PhD докторы Ж.Ш.Саметова, Э.Т.Жанысбекова, Б. Байжігіт, маг. А.У.Байболов ), оның ішінде 5 - «Жас ғалым».

 

Кафедра ПОҚ-ның ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмысы, атап айтқанда, оқытушылардың Қазақстанда да, шетелде де түрлі ғылыми іс-шараларға белсенді қатысуы, республика мектептері үшін оқулықтар жасау университеттің жоғары имиджін қолдауға бағытталған.

 

Бұл тұрғыда кафедраның мектептермен, «Алматыкітап баспасымен», РФ «Россотрудничествомен» және Бас консулдықпен мектеп олимпиадаларында, мектеп оқушыларының ғылыми жобалар сайыстарындағы және т.б. жұмыстар барысындағы белсенді ынтымақтастығын атап өткен жөн.

 

2023 жылы ПОҚ ғылыми зерттеулерінің нәтижелері бойынша 130 ғылыми мақала жарияланды, оның ішінде: Scopus базасының журналдарында - 10, шетелдік басылымдарда - 57, ҚР ҒЖБМ КОКСНВО басылымдарында - 18, ҚР конференцияларының жинақтарында және басқа журналдарда - 45; 1 монография, 2 оқулық, 1 әдістемелік нұсқаулық және мектептерге арналған 2 жұмыс дәптері; 7 оқулық, 2 оқу құралы, жоғары оқу орындарына арналған 1 оқу-әдістемелік құрал шығарылды.

 

Дәстүр бойынша кафедра 3 жылда 1 рет «Поэтика және өлеңтану мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция ұйымдастырады. 2024 жылғы 23-25 мамырда Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы, ғалым, педагог Х.А.Адибаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған X Мерейтойлық конференция өтеді. Конференцияны кафедраның стратегиялық серіктесі - Слупск қаласының Помор университеті (Польша) ұйымдастырады.

 

Жыл сайын кафедра өткізетін маңызды іс-шаралардың қатарында: «Абай: философия, поэтика, рецепциясы» жас ғалымдардың халықаралық ғылыми семинары (Польша, Слупск қ. Помор университетіндегі Абай атындағы Қазақ мәдениеті және ғылым орталығы бірлесіп), ПОҚ (профессор-оқытушылар құрамының) баяндамалар күні, «Орыс тілін оқытудың өзекті мәселелері» Халықаралық қатысуымен мұғалімдерге арналған республикалық семинар ««Я открыл для себя поэта...» әдеби қонақ бөлмесінде (Алматыдағы Россотрудничество өкілдігімен, Алматы қ. №165 мамандандырылған лицейінің оқушыларымен, «Алматыкітап баспасымен» бірлесіп) халықаралық онлайн және офлайн режимінде ғылыми-ағартушылық сипаттағы кездесулер, кештер, республика мектептерінің мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары «Филологиялық білім беру негіздері».

 

Кафедра профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми жұмысы студенттердің, магистранттардың, докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысына басшылық етуде қолданылады: дипломдық жұмыстардың, диссертациялардың, студенттік конференциялардағы, конкурстардағы баяндамалардың тақырыбы кафедра басшыларының ғылыми қызығушылықтарына, жалпы әзірленетін ғылыми жобалардың бағытына сәйкес келеді.

 

Кафедра студенттері, магистранттары мен докторанттары Қазақстанда да, шетелде де ғылыми конференцияларға қатысады, отандық және шетелдік ғылыми журналдарда мақалалар жариялайды.

 

Жыл сайын Филология студенттері Орыс тілі мен әдебиеті бойынша Республикалық олимпиадаға, студенттік ғылыми жұмыстардың Республикалық конкурсына қатысып, жүлделі орындарға ие болады.

 

Кафедрада 3 ғылыми семинар ай сайын жұмыс істейді (ПОҚ - жетекшісі проф. Г.А.Қажығалиева; магистранттардың жетекшісі проф. Д.Д.Шайбакова; докторанттардың жетекшісі проф. Л.В.Сафронова). 4 үйірме жұмыс істейді: 1) «Әдебиеттанудың өзекті мәселелері» (жетекшісі проф.м.а. Ж.Б.Ибраева), 2) «Өлкетану үйірмесі»( жетекшісі аға оқыт. А.Б.Иргебаева , 3) «Әдеби өмір» үйірмесі (жетекшісі магистр А.У.Байболов ), 4) «Я открыл для себя поэта» әдеби қонақ бөлмесі (жетекшісі проф.С.Д.Абишева).

 

Кафедраның ғылыми -зерттеу жұмысының жоспары

 

Ғылыми-зерттеу жұмысының жылдық есебі


Ертегі терапиясының элементтерін қолдана отырып әдебиетті оқытудың заманауи білім беру технологиялары