қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.06.2023

Абай университетінің студенттері халықаралық онлайн-олимпиадаға қатысты


2023 жылдың 8-9 маусым аралығында Абай университеті Жаратылыстану және география институтының «6B05202-Экология» мамандығында білім алатын 3 курс студенттері экология бойынша халықаралық онлайн-олимпиадаға қатысты. Аталмыш Climate Science Olympiad олимпиадасы климаттың өзгеруінің шешімдерін табуға бағытталған.

Джаббарова Эмилия, Чайка Ксения мен Жұмағали Назерке Жаратылыстану және география институты доценті Ж.Т. Тілекованың жетекшілігімен Абай университетін абыроймен таныстырып, олимпиадаға қатысу жөніндегі сертификаттарға ие болды.


Олимпиада төрт кезеңнен тұрды. Бірінші кезең - 25 минуттық онлайн-викторина, ал соңғы кезең - климаттың өзгеруінің жаһандық мәселесін шешу жобасын әзірлеу.

Біз Эмилияны, Ксенияны және Назеркені құттықтай отыра, климаттың өзгеруі бойынша кәсіби жоспарларын жүзеге асыру барысында сәттілік тілейміз.

 

  alt=  

 

  alt=