Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы / Халықаралық қызмет
Халықаралық қызмет Институт студенттерінің академиялық ұтқырлығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Кредиттік технология бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережелері» және студенттер мен оқытушылардың сыртқы академиялық ұтқырлығы туралы 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығының 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасы бүгінде әлемнің алдыңғы қатарлы 10-нан аса университеттерімен бірлескен келісімшарт негізінде жұмыс жүргізуде. Олардың ішінде танымал Эрасмус+ және Мевлана бағдарламалары бойынша профессор-оқытушылар тәжірибе алмасуда. Сонымен қатар өзара оқытушы мен білім алушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша маман алмасу, ғылыми тағылымдамалар жүргізу, бірлескен ғылыми жобалар орындау, бірлескен симпозиум, семинар-конференциялар өткізіп, ұдайы байланыстар жүзеге асуда.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасының көрсеткіштері: «Шетелдік ғалымдарды шақыру» бағдарламасы бойынша 2023-2024 оқу жылында Түркия Республикасы Элазыг қаласындағы Фырат университетінің профессорлары Ахмет Буран, Фатих Өзек 6B01701 - "Қазақ тілі мен әдебиеті", 7M01701 - "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандықтарының білім алушыларына дәріс, семинар, шеберлік сыныптарын бағдарлама бойынша өткізді. Шетелдік ғалымдардың қатысуымен 2023 жылдың 16 қараша күнінде "Түркі халықтарының қарым-атынас мәдениеті» тақырыбында халықаралық деңгейде ғылыми-практикалық семинар өткізілді. Ғылыми-практикалық семинарды ұйымдастырушы Академиялық ұтқырлық жұмыстарының координаторы Бақбергенова Роза Қожабайқызы және «Сөзтаным» ғылыми-танымдық клубының студенттері.
Профессор-оқытушылар құрамының ішкі академиялық ұтқырлық кестесі. 2023-2024 оқу жылы
Кафедраның докторанттары мен магистранттары Түркия Республикасы Элазыг қаласындағы Фырат университеті, Мулла қаласындағы Мугла Сыткы Кочман университеті мен Стамбул қаласындағы Мальтепе университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп, тәжірибе жинақтайды.
2023-2024 оқу жылында Қытай Халық Республикасы Пекин қаласындағы Орталық Ұлттар университетінен 6B01701 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында 4 студент 1 жыл білім алу бағдарламасымен оқып жатыр.
Түркия Республикасының Фырат университетінде 6B01701 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 6 студенті, 6B02301 «Филология» мамандығының 1 студенті академиялық семестрлік ауысымда білім алуда.
Польша Республикасы Адам Мицкевич университетінде 6B01701 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2- курс студенті Серік Аяжан білім алуда.
Өзбекстандағы Низами атындағы Ташкент педагогикалық университеті, Шыршық педагогикалық университеті, Әжінияз атындағы Нүкіс педагогикалық университеті (Қарақалпақстан), Гүлстан педагогикалық университеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедраларымен келісімшарт негізінде академиялық жұмыстар жүргізіліп келеді.
|