қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
26.06.2023

Білім беру бағдарламаларының мамандандырылған аккредитациясы!

 

Тәуелсіз қазақстандық аккредиттеу орталығының (ТҚАО) сыртқы бағалау нәтижелері бойынша Аккредиттеу кеңесі 2023 жылдың 22 маусымында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің білім беру бағдарламаларын аккредиттеуді толық мерзімге - 5 жылға алу үшін қажетті талаптарға сәйкес келетіндігі туралы шешім қабылдады:

1) 6B01504 - Физика
2) 6B01505 - Физика ағылшын тілінде
3) 6B01506 - Физика-информатика
4) 6В01507 - Информатика
5) 6В01509 - Информатика және робототехника
6) 6В03101 - Жаһандану жағдайындағы халықаралық қатынастар
7) 6В04205 - Халықаралық құқық
8) 6В05202- Экология
9) 6В06102 - Ақпараттық жүйелер
10) 7М04102 - Менеджмент
11) 8D01504 - Физика
12) 8D01507 - Информатика

 

Университетіміздің ұжымын халықаралық аккредитациядан сәтті өтуімен құттықтаймыз, баршаңызға зор денсаулық, жемісті қызмет және шығармашылық табыс тілейміз!