қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.06.2023

Универсиада-2023

 

2023 жылғы 24 маусымда Ақтау қаласында Қазақстан Республикасының 12-ші жазғы Универсиадасының жабылу салтанаты өтті. Жарыс спорттың 22 түрінен өткізілді. Еліміздің 60 жоғары оқу орнының 3000-нан астам студенті қатысты.

 

Жарыс қорытындысы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ құрамасы жалпы командалық VI орынды иеленді.

 

Біздің спортшылар тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, футбол, еркін күрес, грек-рим күресі, қазақ күресі, самбо және бокс сияқты спорт түрлерінен жүлделі орындарға ие болды. Абай университетінің ұлттық құрама қоржынында 12 алтын, 18 күміс және 26 қола медаль бар.

 

Команда Кубокпен және Құрмет грамотасымен марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер - Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері кубоктармен, медальдармен, мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

Универсиада чемпиондары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

 

  alt=  

 

  alt=