қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.06.2023

Абай университеті QS World University Rankings 2024 жаһандық рейтингінде

 

QS World University Rankings-2024 Халықаралық рейтингінің нәтижелері жарияланып, Абай университеті 681-690 позициясын иеленді. Рейтингке барлығы 104 елден 2963 әлем университеті қатысты, олардың 1500-і рейтингте. Жаһандық университеттер рейтингінде Қазақстаннан 21 жоғары оқу қатысып, оның ішінде Абай атындағы ҚазҰПУ былтырғы 6-шы орынды сақтап қалды.

 

Биылғы жылы рейтингтің 20 жылдығына орай QS WUR әдістемесі үш жаңа көрсеткішпен толықтырылды: Халықаралық зерттеу желісі, Жұмыспен қамту нәтижелері және Тұрақты даму.

 

Осылайша, QS WUR 2024 рейтингі енді 6 дәстүрлі және 3 жаңа көрсеткіштерге негізделген, бұл өз кезегінде рейтингтегі позициялардың динамикасына айтарлықтай әсер етті. Осылайша, тұтастай алғанда, қазақстандық сегментте өткен жылмен салыстырғанда позицияларды жоғалту бағытында ығысу байқалды, бұл жаңартылған әдістемедегі зерттеу компонентінің басым болуымен байланысты.

Әлемдік университеттердің бестігіне MIT, Кембридж, Оксфорд, Гарвард және Стэнфорд кіреді.

 

  alt=  

Стратегия департаменті