қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.06.2023

«Абай атындағы ҚазҰПУ-2023 үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпаздары

 

2023 жылдың 6 маусымында «Абай атындағы ҚазҰПУ-2023 үздік оқытушысы» конкурсы өтті.

 

Конкурсқа қатысушылар оқу үдерісін қызықты әрі тиімді ету үшін оқытуда және оқытудың инновациялық әдістерін қолдануда өздерінің шығармашылық тәсілдерін көрсетті. Оқу үдерісіне жаңа технологиялар енгізілді, оқытушылар интерактивті оқу материалдарын белсенді қолданады, жобалау жұмыстары мен практикумдарды орындайды. Ғылыми зерттеулерді, ұлттық құндылықтарды оқу үдерісіне интеграциялау элементтері айқын көрсетілді.


Конкурс нәтижесінде:

1. «Инновациялық оқытушылық шеберлік» номинациясы бойынша Тарих және құқық институты Дүниежүзілік тарих кафедрасының аға оқытушылары Айнура Шорманова және Дария Асымова;

2. «Ғылыми зерттеулер мен оқытудың интеграциясы» номинациясы бойынша Тарих және құқық институты құқықтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры Жанель Сайлибаева;

3. «Ұлттық құндылықтарды оқу үдерісіне интеграциялау» номинациясы бойынша

Математика, физика және информатика институтының информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасының оқытушысы Айбек Амангелдин;

4. «Цифрлық педагог» номинациясы бойынша Педагогика және психология институты бастауыш білім беру кафедрасының профессорының м. а. Асель Акпаева жеңімпаз атанды.

 

Конкурс жеңімпаздарына дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Үздік оқытушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз, шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер, қызықты идеялар және өркендеу тілейміз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Институционалдық тиімділік кеңсесі