Түлектер назарына!!!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес тамыз айында өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге (бұдан әрі - ҰБТ) қатысу үшін түсушілер өтініштерді 25 шілде мен 1 тамыз аралығындаАбай атындағы ҚазҰПУ-нің қабылдау комиссияларына тапсырады.ҰБТ 17-20 тамыз аралығында өтеді.
1. ҰБТ-ға келесі тұлғалар қатыса алады:
- қалауы бойынша ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері;
- ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;
- ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін халықаралық алмасу желісі бойыншашетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар;
- ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған тұлғаларды күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін;
- ЖОО-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдіргендер;
- маусым-шілде айындағы ҰБТ-ға жіберілмеген немесе нәтижесі жойылған және наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш берген тұлғалар (тегін);
- ағымдағы жылғы наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген басқа да тұлғалар (тегін).
2. Түсушілердің өтініш беру жолдары.
25 шілдеден бастап түсушілер http://ubt2020.testcenter.kz сайты арқылы ҰБТ-ға өтініш бере алады. 2 түрлі категориядағы тұлғалар үшін батырмалар қарастырылған:
1 батырма - Наурыз айындағы ҰБТ-ға өтініш берген тұлғалар үшін.
Маусым-шілде айындағы ҰБТ-ға жіберілмеген немесе нәтижесі жойылған және наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш берген тұлғалар, сондай-ақ ағымдағы жылғы наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген басқа да тұлғалар тамыз айындағы ҰБТ-ға тегін қатысу үшін осы батырма арқылы өтініштерін жаңарта алады. Түсуші логинге - ЖСН нөмірін, парольге - маусым айындағы ТЖК нөмірін енгізеді. Сілтеме бойынша тестілеу тапсыратын қаласы мен тілін көрсетеді. Сондай-ақ, Digital ID жүйесінде тіркеуден өткен түсушілер жеке кабинетіндегі сілтеме бойынша тестілеу тапсыратын қаласы мен тілін көрсетіп, өтінішін жаңарта алады.
Ескерту: егер түсуші наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген, бірақ маусым-шілде айындағы тестілеуге тіркелмеген болса, онда түсуші логинге де, парольге де - ЖСН нөмірін енгізеді.
2 батырма - ҰБТ-ға өтініш беру (наурыз айында өтініш бергендерді қоспағанда).
1) Түсуші тіркелуден және авторизацияланудан өтеді:
- электрондық поштаны көрсету, сол поштаға логин мен пароль жіберіледі;
- сайтқа логин мен парольді енгізе отырып авторизацияланады.
2) Түсушінің одан кейінгі әрекеттері сайттағы нұсқаулықта көрсетілген (жүйеде жүктелген).
3) Аталған интерфейсте түсуші өзінің жеке мәліметтерін енгізгеннен кейін екі түрлі әдіспен: банк карточкасы немесе Kaspi.kz қосымшасы арқылы тестілеуге ақы (міндетті төлем батырмасы бар) төлеуі тиіс. Тестілеу бағасы - 2242 теңге.
4) Алдын ала өтініш беру рәсімі бойынша құрылған «мәлімдеме номерін» ҰБТ тапсыру үшін құжат тапсыратын, жүйеде түсуші өзі көрсеткен ЖОО-ның жауапты хатшысына хабарлауы қажет (телефон, WhatsApp, әлеуметтік желілер т.б.).
Сонымен қатар, Орталықтың call center 8 8000 80 71 77 телефондары мен info@testcenter.kz қолдау қызметі жұмыс істеуде және Орталықтың әлеуметтік желілеріне жазуға болады.
ҰБТ тіркеліп болған соң, төменде көрсетілген қабылдау комиссиясының бір техникалық хатшысына өтініш нөмірін жіберу қажет.
1. Тарих және құқық институты- Қуанышбаева Жазира Жайлаубековна - 87017765578
2. Математика, физика және информатика институты- Алиева Молдир Ермекбаевна - 87059522000
3. Өнер, мәденит және спорт институты- Ибраева Қымбат - 87027929321
4. Педагогика және психология институты- Жанкушков Бауыржан Оразаевич-87783537583
5. Филология және көптілді білім беру институты- Текесбаева Гүлжан Молдақынқызы- 87471654926
6. Жаратылыстану және география институты- Жаксибаева Жанар Муратовна-87011413535
7. Сорбонна - Қазақстан институты- Алпысбаев К.С.- 87479539237