қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Оразова Рая Кадысовна

Оразова Рая Кадысовна

 

Қысқаша өмірбаян

1964 жылы ШҚО- да дүниеге келген. 1981жылы Алматыдағы №5 орта мектепті бітірген.  1982-жылы С.М. Киров атындағы Қаз МУ, филология факультетінің араб бөліміне түсіп, 1987 жылы жақсы бітірген. Жұмыс өтілі, тәжірибесі: 34 жыл, білім саласында, араб тілі мен әдебиеті және қазақ тілі пәндерінің оқытушысы. 1988-1996 жылдар аралығында Алматы қаласындағы  №145, 128,138 мектептерде араб тілі мұғалімі, директордың тәрбие істері жөніндегі орынбасары, шет тілдері әдістемелік орталығының жетекшісі қызметтерін атқарған. Осы жылдар аралығында екі жылдай қала бойынша білім жетілдіру орталығының  шет тілдері кабинетін басқарған. 1996-1998 жылдары Абылайхан атындағы Х/Қ ж ӘТУ, шығыс тілдері кафедрасының аға оқытушысы. 1998-2000 жылдар аралығында Мысырдың Каир қаласында аль-Азһар университеті жанындағы білім жетілдіру - дайындық  курсынан өткен. 2001 жылдан бастап Абай атындағы Қаз ҰПУ, шығыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы.                                                  

80-ге жуық сертификаттарға ие, оның ішінде көптеген білім жетілдіру курстары, шеберлікті шыңдау мектептері, бірнеше шетелдік білім беру орталықтарының сертификаты бар: ҚХР (2011), Мысырда (2014, 2016), БАӘ (2015, 2019), Мароккода (2018). 

Негізгі ұстанымы:  қанша елдің тілін білсең, сонша адами қасиетке ие боласың.  «Жеті жұрттың тілін біл; жеті ықылым білім біл».

Ара-арасында  ҚР Ұлттық банкінде, қазақ мемлекеттік филармониясында және жекелеген фирмаларда, басқа да жеке үйренушілердің, студенттер мен оқушылардың сұраныс талаптары бойынша араб және қазақ тілі пәндерінен тілдік курстар жүргіземін.                                                                                                                                                         

БІЛІМІ

Оқу орны

Квалификация

Бітірген уақыты

Білімі: жоғары. С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультеті, араб тілі бөлімін бітірген.

Филолог, араб және қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

 

1987ж.   

 

Қызметі

Наименование ученого звания

Дата присвоения

Аға оқытушы

 

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ:                                                                                                                                                      

БНШТ; қазіргі шығыс тілінің морфологиясы, шығыс тілінің синтаксисі, тіл тарихы, теориялық және практикалық фонетика, грамматика, араб әдебиеті. БОИЯ, морфология современного восточного языка, синтаксис восточного языка, история языка, теоретическая и практическая фонетика, грамматика языка, арабская литература и т.д.

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ: Салыстырмалы-салғастырмалы тілдік типология, шығыс тілдерін оқыту әдістемесі.

Отандық және шетелдік басылымдарда шыққан, халықаралық, республикалық конференцияларға қатысқан 110-нан аса мақалалардың, екі әдістемелік құралдың («Множественное число в арабском языке»; «Обобщающий урок после грамматического материала» 2010ж.), бір монографияның («Араб және қазақ тілдеріндегі туыстық атаулары» 2015ж.) авторы. Сондай-ақ, тағы бір монографияның («Историко-культурные связи Казахстана со странами зарубежного Востока в контексте языковой компаративистики» 2013ж.) және ҚР БҒМ ұсынысымен шыққан мектеп мұғалімдеріне арналған көмекші құралдың («Қазақ әдебиеті» 10-сынып, «Қазақ әдебиеті» -11 сынып -  2 бөлім; 2016ж.)  авторлық құрамында бар, соған сәйкес екі авторлық куәліктің иегері.

1.«Historical experience of education collaboration enhancement: a case study turkey and kazakhstan»  Электронный  PalArch s Journal of Archaeology of Egypt/ Egyptology, Vol. 18 No.08 (2021), 3390-3395. Получено с https://archives.palarch.nl/index.php/jae/article/view/9469       08.2021.

2.Туыстық атаулар жүйесіндегі бірқатар әлеуметтік-мәдени көріністер. печатный «Восток и Запад: диалог культур» ха конф-я Македония, Костовер 19.12.20. (онлайн)

3.Модернизация педагогической практики в системе формирования будущих учителей в современном образовании   печатный       Журнал СКОПУС, Германия (соавторы ...) 04.09.2020

4.Основы формирования универсальных учебных действий младшего школьника. (соавторы:)             печатный       ВАК РФ Педагогический журнал том 9   №6А, 2019 Московская обл. г. Ногинск.Том9 №6А, 2020г.  232-241стр. 0,375

5.Педагогический феномен как универсальные учебные дейстия младшего школьника. электронный             ISSN 2311- 2158, The Way of Science, International scientific journal «Путь науки», Волгоград.             №9 (55) 2018. 56-61 стр.

 

МАРАПАТЫ: «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің (2017) және Абай атындағы ҚазҰПУ-90 жылдығы медалінің (2018) және «Үздік ұстаз» медалінің (2019) иегері. ҚР БҒМ құрмет грамотасымен марапатталған (2019). Өзге де  көптеген алғыс хаттар мен грамоталары бар: Институттың, Абай университеті, Фараби университеті, Абылайхан университеті, Оңтүстік Қазақстан университеттерінің алғыс хаттары, республикалық қоғамдық және шетелдік мәдени орталықтар мен практика өткізген қалалық мектептердің мақтау грамоталарын алған. 

 

 


← Кері оралу