Негізгі бет
Жаңалықтар
22.06.2012 2012 жылдың 12-16 маусымы аралыгында Болгарияның Кюстендил қаласында «International Perspectives on Education» тақырыбында «The 10th Annual Conference of the Bulgarian Comparative Education Society (BCES)» халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференцияға 25 мемлекеттен, оның ішінде Польша, Нигерия, Иран, Словения, Португалия, Мексикя, АҚШ, Латвия, ЮАР, Швейцария, Ұлыбритания, Хорватия, Греция, Румыния, Қазақстан Республикасы, Германия, Бразилия, Турция, ҚХР, Сербия, Израиль, Болгария, Бразилиядан 107 автордан 65 баяндама қатыстырылды. Конференцияның № 5 «Learning and Teaching Styles» секциясы бойынша т.ғ.д. Ғ.Қ. Кенжебаев, т.ғ.к., доцент С.Х.Байдильдина , т.ғ.к., доцент Т.Т. Далаева ұсыныс беріп, конференция барысында «Problems of formation of E-Learnig content in the historical education of the Republic of Kazakhstan» тақырыбына баяндама жасалды. Конференцияның «International Perspectives on Education» материалдар жинағының мұқабасында халықаралық білім беру кеңістігіне Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық унивеситеті туралы қысқаша ақпарат берілді. |