қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
04.09.2023

Жолдау туралы ойлар

 


 

Қазақстан халқының жарқын болашағына бағыт-бағдар беретін Президентіміздің осы жылғы жолдауы Жаңа Қазақстанды әлем кеңістігінде нық басуға, халқымыздың ынтымағын нығайтып, олардың мұң-мұқтаждығын тыңдап қана қоймай, сол қажеттіліктерді шешуге айқын іс-әрекеттер көрсетілген жолдау деп айтуға болады.

 

Әрине, жолдау негізінен әлеуметтік мәселелерді шешуді алға қойғанымен, басты мәселе ретінде экономикамыздың нық басуына бағытталған, атқарушы биліктегі күрделі мәселелерді шеше отырып, инфрақұрылымдық өзгерістерді нық және батыл шешкен іс-шаралармен осы жолдау ерекшеленді деп айта аламыз. Себебі, бірнеше министрліктер пайда болды. Әсіресе, бұл жерде соңғы жылдардағы ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне су тапшылығының байқала бастағанын болжаған Мемлекет басшысы осы саламен арнайы айналысатын министрлік ашуы, еліміздің логистикалық әлеуетін ескере отырып, жаңадан көлік министрлігін, әлемдік экономикада ерекше орын ала бастаған туризмнің болашағын ескере отырып, осы бағытпен айналысатын министрлік ашуы, эконмикамыздың әрқашан да драйвері болып есептелетін өндіріс пен құрылыс министрлігі ашылуы Мемлекет басшысының осы бағыттағы түбегейлі өзгерістер әкелетін шешімі деп айтуға болады. Осы өзгерістердің барлығы мемлекетіміздің материалдық базасын нығайтып, әлеуметтік бағдарламаларға, ғылым мен білімге қаржы бөлуге мүмкіндіктерді күшейтетіні анық. Соның дәлелі ретінде, ҚР президенті Қ.К.Тоқаев ең алдымен адами капиталды арттыруға бағытталған жұмыстарға есеп берді. Мұғалімдердің айлығы соңғы 3 жылда 2 есе артуы; дәрігерлер жалақысының нағыз орта тап табысына жетуі; «Ұлттық қор - балаларға» жобасы - өзінің президенттік бағдарламасындағы берген уәделерін жүзеге асырудың алғашқы баспалдақтары деп санаймыз. Сол сияқты , президент әкімшілігіндегі болған кадрлық өзгерістер мен ауыс-түйістер елімізде болып жатқан саяси-экономикалық реформалардың уақыт талабына сай екендігін, сөз бен істің арасындағы алшақтықтың азая бастағанын көрсетеді (ең әуелі өзіңнен баста деген мағына беретін сияқты).


Осы Жолдауда көрсетілген мәселелердің негізі адам ресурстары арқылы шешілетіндігі айдан анық қой. Еліміздің ұстаздарының тамыз конференциясына жолдаған Президент телеграммасында «Бәсекеге қабілетті мемлекет білімді ұрпақтың қолында» - делінген . Ал енді бұл ұстаздар қауымында, әсіресе, ұстаздарды дайындайтын біздің Абай университеті ұжымына бағытталған тапсырма деп түсінеміз.

 

 

Авторы: Саясаттану, әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының профессоры
Д.О.Құсайынов

04.09.2023 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com