Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
12.09.2023 "Өзімді мұғалім ретінде көремін": "Алматы аруы - 2023" өзі жайлы тың ақпарат айтты
"Алматы аруы - 2023" атанған Наталья Петри өзі туралы айтып берді. Бойжеткен бүгінде университетте оқитынын атап өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Қазір мен модельдік агенттіктің мүшесімін және осы салада белсенді түрде дамып келе жатырмын. Болашақта өзімді табысты модель, кәсіби маман, сонымен қатар мұғалім ретінде көремін", - деп бөлісті сұлулық байқауының жеңімпазы.
Ол бос уақытында кітап оқығанды жақсы көретінін айтады, әсіресе жаны қазақ әдебиетіне жататынын мойындады.
Сондай-ақ 2023 жылдың Алматы аруы тегінің қайдан шыққанын түсіндірді.
"Мен анамның арқасында қазақша жақсы сөйлеймін, ол - қазақ, ал әкем - неміс", - деді ол.
Еске сала кетейік, Наталья Петри 12 қыркүйек күні, сейсенбіде өткен сұлулық байқауының финалында "Алматы аруы" атағына ие болған еді. Сондай-ақ бүгінгі байқауда үш вице-ару анықталды.
12.09.2023 ж. Ақпарат көзі: kaz.nur.kz
|