қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
14.09.2023

Абай университетінің студенті - «Алматы аруы-2023»

 


 

12 қыркүйек күні Алматыда «Алматы аруы - 2023» конкурсының жеңімпазы таңдалды. Конкурс нәтижесінде бойжеткендер бірнеше номинация бойынша марапатталып, мегаполистің басты көркі - «Алматы аруы - 2023» атағын Наталья Петри жеңіп алды.


Наталья Петри Абай университеті Математика, физика және информатика институтының 4 курс студенті. Жеңімпаз аруымыз бала кезінен нақты ғылымдарға қызығушылық танытқандықтан, болашағын «6В05302-Физика» мамандығымен ұштастырды. Бүгінде ол модельдік агенттіктің мүшесі және оқумен қатар осы салада белсенді түрде дамып келеді.


Наталья Петридің сұлулық конкурстағы жетістігі педагогикалық оқу орнында тек болашақ ұстаздар мен ғалымдардың ғана емес, сонымен қатар түрлі салада үздік бола алатын жастардың да білім алатынын көрсетеді.


Наталья Петриді лайықты жеңісімен құттықтаймыз және жарыстың келесі кезеңінде сәттілік тілейміз!

 

14.09.2023 ж.

Ақпарат көзі: bilim.expert