Негізгі бет
Жаңалықтар
12.06.2017
Арал дағдарысы - жапондық ғалымдар назарында
2016 жылы Жапониядағы Цукуба университетінің Білім беру институты мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғалымдары Арал теңізінің бүгінгі таңдағы экологиялық даму барысын зерттеуге арналған тұңғыш ғылыми-практикалық экспедиция жасаған болатын. Сол экспедиция барысында екі тараптың ғалымдары көптеген нәтижелерге қол жеткізген еді. Үстіміздегі жылдың 30 мамыры мен 6 маусымы аралығында Цукуба университетінде Жапония халықаралық білім ғылым ассоциациясының 17-ші конференциясы болып, оған Абай атындағы ҚазҰПУ Дайындық факультетінің деканы, жер ғылымдарының докторы, профессор Хайрулла Жанбеков қатысты. Конференцияда профессор Х.Жанбеков «Арал - Сырдария бассейнінің кризисі» тақырыбында баяндама жасап, жапон ғалымдарының назарын еліміздегі Арал теңізінің экологиялық мәселесіне аударды. Сонымен қатар шетелдік ғалымдар Арал кризисінің пайда болуына басты себеп адами фактор екендігін баса айтып, оны қалпына келтіру және судың радиологиялық құрамын жақсарту мәселелері туралы қызу пікір алмасты.
Абай атындағы ҚазҰПУ Баспасөз орталығы.
|