қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.06.2023

Загреб университетіне сапар

 

Басқарма төрағасы - ректор Дархан Біләлов бастаған Абай университетінің ғылыми тобы «BR18574162» тақырыбы бойынша ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің бағдарламалық-нысаналы зерттеуі шеңберінде Загреб университетіне сапармен барды (2023 ж. 14-16 маусым).

 

University of Zagreb (Хорватия) - қазіргі уақытта 68 мыңнан астам студент оқитын ең ірі еуропалық жоғары оқу орындарының бірі. Оның білім беру саласындағы қызметі 1669 жылдан басталады.

 

350 жылдан астам тарихта Загреб университеті лайықты оқу орнына айналып, жоғары беделге ие болды. Университет Шығыс Еуропадағы ең көне және ең үздіктердің бірі болып танылды, білім беру қызметі сапасының жоғары деңгейі бөлек әңгіме. Университет үнемі әлем бойынша рейтингтерде жоғары орындардан табылады.

 

Тараптар екіжақты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, арнайы педагогтарды даярлау, білім алушылар мен профессорлардың академиялық ұтқырлығы, бірлескен зерттеулер, дефектолог-докторанттардың диссертациялық жұмыстарын дайындау бойынша екі дипломдық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері мен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Абай атындағы ҚазҰПУ өкілдері сапар барысында арнайы педагогтың Кәсіби стандартымен, бакалавриат, магистратура және докторантурада арнайы педагогтарды даярлау жөніндегі білім беру бағдарламаларының құрылымымен және мазмұнымен танысты. Сондай-ақ, білім беру және оңалту факультеті жанындағы клиникалық және оқыту орталығын (Clinical and Teaching unit), мүмкіндігі шектеулі студенттерге қолдау көрсету орталығын және Еуропадағы әйгілі Перкинс мектебін көруге жол түсті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=